Оқиға

Талғарда орталық базар өртенді

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям Казахстана архивтегі сурет
архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
Көмекке Есік қаласының өрт сөндіру техникасы да келді
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Талғар қаласының орталық базарында өрт шықты.
Оқиға түнгі сағат екіде болған.
Өрт ошағының жалпы ауданы мың шаршы метрге жуық жерді құрайды.
Төтенше жағдайлар бөліміне түнгі сағат 2.01-де контенерлердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келді. Сағат 2.07-де келген өрт сөндірушілер 360 шаршы метр жердің өртенгенін анықтады.
Көмекке Есік қаласының өрт сөндіру техникасы да келді. Өрт сағат 3.51-де сөндірілді. Алайда ол кезде өрт аумағы 900 шаршы метрден асты.
Өртті бірінші болып күзетші байқаған. Оның айтуынша контейнерлердің бірінен түтін шығып жатты.
Өрт кезінде базар маңына тауарлардың иелері де келді. Кейбіреулері өртеніп жатқан базардан тауарларын шығаруға тырысты. Полиция олардың қауіпсіздігі үшін ішке кіргізбеді.
Нәтижесінде бір ер адам мен полиция қызметкері арасында жанжал туындады.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Жаңалықтар
0