https://sputnik.kz/20220407/soltustik-qazaqstan-mal-24039680.html
Солтүстік Қазақстанда малдың неден қырылғаны белгілі болды
Солтүстік Қазақстанда малдың неден қырылғаны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті – вирустық ауру. Мал шаруашылығы үшін қауіпті саналады 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T08:25+0500
2022-04-07T08:25+0500
2022-04-07T09:10+0500
өңірлер
солтүстік қазақстан облысы
мал шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/1363/92/13639252_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ce6103665d694a9db7d53826e09f76f8.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 7 сәуір — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданындағы фермада малдың қырылу себебі анықталды, деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов. Оның хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласының ветеринария бойынша референттік орталығына жіберілген сынамалардың нәтижесі инфекциялық ринотрахеит бар екенін көрсетті. Енді мамандар диагноз арқылы малды емдейді. "Фермерлік шаруашылықтағы жағдай тұрақтанды, емнің әсері бар. Мал қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ. Ветеринариялық-санитариялық қағидалардың талабына сәйкес шаруашылыққа шектеу қойылады. Ауру жұқтырмаған малды вакциналап, ауру малды емдеу және дезинфекциялау жүргізіледі. Шектеулер ауру малдың барлығы қалпына келген сәттен бастап 30 күннен кейін алынады. Бұл аралықтар малды, мал етін алып шығу, әкелуге шектеу қойылған", - деді Әлжанов. Оның айтуынша, ринотрахеит бюджеттен өтемақы қарастырылған мал ауруларының тізіміне кірмейді. "Тимирязев ауданындағы фермада 15 бас мал қырылды, оның 11-і жас мал, 80-ге жуығы ауру жұқтырған. Шаруашылықта барлығы 124 бас малды бордақылап отыр, сүт өндірілмейді, бірақ биыл ет сатылмады. Бұл шаруашылықта ветеринариялық-санитариялық талаптар сақталмаған, олар жел мен боран кезінде көшеде тұрған. Бұл үй жануары ауруын қоздырушы фактор саналады", - деп атап өтті ведомство басшысы. Айта кетері, шектеулер алынған соң фермер малды сата алады, себебі бұл аурудан кейін ет пен сүтін қолдануға шектеу жоқ.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1363/92/13639252_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8cdf13810c81bc8b72fa609cc5f6e703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, мал шаруашылығы
солтүстік қазақстан облысы, мал шаруашылығы
Солтүстік Қазақстанда малдың неден қырылғаны белгілі болды
08:25 07.04.2022 (жаңартылды: 09:10 07.04.2022) Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті – вирустық ауру. Мал шаруашылығы үшін қауіпті саналады
ПЕТРОПАВЛ, 7 сәуір — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданындағы фермада малдың қырылу себебі анықталды, деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.
Оның хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласының ветеринария бойынша референттік орталығына жіберілген сынамалардың нәтижесі инфекциялық ринотрахеит бар екенін көрсетті.
Енді мамандар диагноз арқылы малды емдейді.
"Фермерлік шаруашылықтағы жағдай тұрақтанды, емнің әсері бар. Мал қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ. Ветеринариялық-санитариялық қағидалардың талабына сәйкес шаруашылыққа шектеу қойылады. Ауру жұқтырмаған малды вакциналап, ауру малды емдеу және дезинфекциялау жүргізіледі. Шектеулер ауру малдың барлығы қалпына келген сәттен бастап 30 күннен кейін алынады. Бұл аралықтар малды, мал етін алып шығу, әкелуге шектеу қойылған", - деді Әлжанов.
Оның айтуынша, ринотрахеит бюджеттен өтемақы қарастырылған мал ауруларының тізіміне кірмейді.
"Тимирязев ауданындағы фермада 15 бас мал қырылды, оның 11-і жас мал, 80-ге жуығы ауру жұқтырған. Шаруашылықта барлығы 124 бас малды бордақылап отыр, сүт өндірілмейді, бірақ биыл ет сатылмады. Бұл шаруашылықта ветеринариялық-санитариялық талаптар сақталмаған, олар жел мен боран кезінде көшеде тұрған. Бұл үй жануары ауруын қоздырушы фактор саналады", - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айта кетері, шектеулер алынған соң фермер малды сата алады, себебі бұл аурудан кейін ет пен сүтін қолдануға шектеу жоқ.