https://sputnik.kz/20220407/senat-toragasy-toqaev-qastandyq-24047999.html
Сенат төрағасы Тоқаевқа қарсы дайындалған қастандыққа қатысты пікір білдірді
Сенат төрағасы Тоқаевқа қарсы дайындалған қастандыққа қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Әртүрлі ақпарат пен фейктер бар, деді Әшімбаев 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T12:05+0500
2022-04-07T12:05+0500
2022-04-07T12:19+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
қастандық
https://sputnik.kz/img/07e6/04/03/23916472_0:0:1110:625_1920x0_80_0_0_a5af45d08422b491f73001181ef3a14a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір– Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Тоқаевқа қастандық жасамақшы болған күдіктінің желіде тараған фотосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік барлау қызметінің агенті ұсталғаны туралы хабар таратқан. Ол президентке қастандық жасауды жоспарлаған. Артынан әлеуметтік желіде күдіктінің фотосы тарады. Ер адамның мамандығы журналист және мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінде жұмыс істегені туралы мәлімет бар. Оның айтуынша, күдіктінің кім екенін анықтау қажет. Сонда істің мән-жайы және себептері белгілі болады. Сенат төрағасы тергеудің нәтижесін күту керек дейді. "Қазіргі жағдай ақпараттық тұрғыдан оңай емес. Әртүрлі ақпарат пен фейктер бар. Сондықтан әлеуметтік желілердегі ақпараттарға ұстамдылықпен қарау керек. Бірқатар ақпарат көздерін қарап, зерделеген жөн. Сіздердің сұрақтарыңызға тоқталсам, қастандық қадамдары туралы жауап бере алмаймын. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тергеу амалдары аяқталғаннан кейін, нақты ақпаратты бере алады", -деді Әшімбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/03/23916472_40:0:1000:720_1920x0_80_0_0_3ca160adabf43fc697898507e001d179.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қастандық
қасым-жомарт тоқаев, қастандық
Сенат төрағасы Тоқаевқа қарсы дайындалған қастандыққа қатысты пікір білдірді
12:05 07.04.2022 (жаңартылды: 12:19 07.04.2022) Әртүрлі ақпарат пен фейктер бар, деді Әшімбаев
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір– Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Тоқаевқа қастандық жасамақшы болған күдіктінің желіде тараған фотосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік барлау қызметінің агенті ұсталғаны туралы хабар таратқан. Ол президентке қастандық жасауды жоспарлаған.
Артынан әлеуметтік желіде күдіктінің фотосы тарады. Ер адамның мамандығы журналист және мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінде жұмыс істегені туралы мәлімет бар.
"Мен де Telegram-арналарда ондай ақпараттың шыққанын білемін. Бірақ шынын айтайын, ұлттық қауіпсіздік қызметі ол ақпаратты бізге растаған жоқ. Бізге әлі ресми ақпартты ешкім берген жоқ. Сондықтан егер ресми түрде осындай адам болды деп айтылса, сол кезде біз мемлекеттік қызметте болған, ол неге болды, қалай болды және тағы басқа сұрақа жауап беремін ", - деді Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, күдіктінің кім екенін анықтау қажет. Сонда істің мән-жайы және себептері белгілі болады. Сенат төрағасы тергеудің нәтижесін күту керек дейді.
"Қазіргі жағдай ақпараттық тұрғыдан оңай емес. Әртүрлі ақпарат пен фейктер бар. Сондықтан әлеуметтік желілердегі ақпараттарға ұстамдылықпен қарау керек. Бірқатар ақпарат көздерін қарап, зерделеген жөн. Сіздердің сұрақтарыңызға тоқталсам, қастандық қадамдары туралы жауап бере алмаймын. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тергеу амалдары аяқталғаннан кейін, нақты ақпаратты бере алады", -деді Әшімбаев.