https://sputnik.kz/20220407/rf-tergeu-komiteti-askeri-tutqyndardy-azaptagandarga-qatysty-is-qozgady-24070540.html
РФ тергеу комитеті әскери тұтқындарды азаптағандарға қатысты іс қозғады
РФ тергеу комитеті әскери тұтқындарды азаптағандарға қатысты іс қозғады
Sputnik Қазақстан
Желіде украин әскерилерінің тұтқындарға көрсеткен қатыгездігі, оларды азаптап өлтірген сәті түскен видеолар көптеп тарап жатыр. Украина Қарулы күштері және... 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T16:15+0500
2022-04-07T16:15+0500
2022-04-08T10:15+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23859847_0:9:3072:1737_1920x0_80_0_0_9cb55a01b32b3fd2ab1d250d79448846.jpg
Желіде украин әскерилерінің тұтқындарға көрсеткен қатыгездігі, оларды азаптап өлтірген сәті түскен видеолар көптеп тарап жатыр. Украина Қарулы күштері және ұлттық батальон әскерилері өз беттерін бүркеместен, ашық түрде ресейлік сарбаздарды атып жатқанын видеоға түсіріп жатыр. Ал Киев олардың әрекетін тек сөз жүзінде сөккеннен арыға бармай отыр, деп жазды РИА Новости.Украина Қарулы күштері жақында жариялаған видеода Киев облысынан өтетін орман алқабындағы тас жол бейнеленген. Ресей әуе-десант әскерінің киімін киген төрт сарбаз қансырап асфальт үстінде жатыр. Бірі әлі тірі. Бірақ оған ешкім көмектесуге талпынып жатқан жоқ. Керісінше, украин сарбазы автоматтан үш рет оқ атып, оны өлтіреді.Жалпы украиндердің көңілі көтеріңкі екені байқалады: олар өзара қалжыңдасып, бірін-бірі видеоға түсіріп жүр. Ал ресейлік әскерилердің мәйіті жандарында жерде жатыр, барлығы басына оқ атып өлтірілген, бірінің қолы артына қаратып байланған. Кейіннен анықталғандай, видео 30 наурызда түсірілген. Ресей әскері Киев облысынан кетіп жатқан кезде десанттық әскери машина қоршауда қалып қойған."Украина Қарулы күштері мен басқа да украин әскери құрылымдары әскерилерінің әрекеті Әскери тұтқындарға қарау туралы Женева конвенциясын өрескел бұзып отыр", - деді Ресейдің Тергеу комитеті. Тергеу комитетінің төрағасы қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді, ұлтшылдардың қылмыстық әрекетінің айғағын тіркеп, олардың жеке басын анықтауды тапсырды.Әлеуметтік желіде видеоның кейбір "кейіпкерлері" тез-ақ анықталды. Болжам бойынша, олар "Грузин легионының" содыры Теймураз Хизанишвили мен Киев тумасы Алексей Антонюк. Олар Донбаста іссапарда жиі болған және әскери іс-тәжірибесі үлкен.Тұтқындарды алғашқы азаптау видеосы 27 наурызда желіде пайда болды. Кадрда нацистер жараланған ресейлік сарбаздарды қинап жатқаны бейнеленген. Жауап алу кезінде олардың бірі жан тапсырғаны байқалады. Үшеуін аяғынан атқан. Медициналық көмек көрсетілмесе, мұндай жарақаттан адам тез қан жоғалтады. Дәл сол күні тағы бір жан түршіктірерлік видео пайда болды: нацист асқан қатыгездікпен қол-аяғы байлаулы әскериді пышақпен өлтіреді.Кейінірек белгілі болғандай, тұтқындарды Харьков маңындағы Малая Роган ауылында орналасқан жергілікті сүт зауытының аумағында азаптаған. Ресейлік тергеу қызметінің мәліметінше, бұл қылмысқа 28 жастағы Сергей Величко мен 26 жастағы Константин Немичев қатысқан. Екеуі де ультраоңшыл идеологияны ұстанады, олар "Азов" полкі "Кракен" бөлімшесінің командалық құрамына кіреді. Тергеу комитеті оларға қатысты "Адамдар тобының аса қатыгездікпен екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу әрекеті" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.Бұл жағдай әдетте Украинадағы нацистерді елемеуге тырысатын батыс журналитерінің де жағасын ұстатты. Көп БАҚ Киевті соғыс жүргізу ережелерін бұзды деп айыптады. Сондықтан тиісті жауап беру керек болды. Президен кеңесшісі Алексей Арестович әскери тұтқындарға қатысты жасалған мұндай әрекеттің қылмыс екенін мойындап, кінәлілерді жазалауға шақырды.Наурыздың соңында Ыстанбұлда өткен кездесуде украин тарапынан келгендер ресейлік делегацияға дәл осы сөзді қайталады. Бірақ Величко да, Немичев те ұсталған жоқ. Киев тек мұндай видеоларды жариялауға тыйым салды.Күні кеше Ресейдің қорғаныс министрлігі айырбастау бойынша украин тұтқынынан қайтарылған әскерилермен сұхбатты жариялады. Жауынгерлер өздерінің соққыға жығылғандары, суық бөлмеде ұстап, аштан қатырғандарын айтып берді. Өздерінің қалай өлтірілетіндерін дауыстап талқылап, оларға психологиялық қысым жасалғаны белгілі болды. Әсіресе, ұшқыштарды тәулік бойы азаптап, ұйқыға кетсе, азаптаймыз деп қорқытқан.Ал өз еркімен берілген украин сарбаздарына республикалық аурухана мен госпитальде күтім жасалып, оларды тамақтандырып, тіпті туыстарына хабарласуға мүмкіндік беріп отыр."Қарсы тараптың сарбаздарын азаптау және атуға қарсымыз. Соғыс іс-қимылы аяқталған соң, өз сарбаздарымызға айырбастаймыз. Ал әскери қылмыс жасағандарды сотқа тартамыз. Жақында Мариупольде 250-ден астам теңіз жаяу әскері сарбазы берілді. Біз оларды азаптасақ, олар мұндай қадамға бармас еді", - дейді Донецк халық республикасы армиясының офицері Береза.РИА Новости жазғандай, украин күш құрылымдары өкілдерінің ресейлік әскерилерге көрсеткен азабы "ДАИШ" содырларын немесе мексикалық есірткі саудагерлерін еске түсіреді. * Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.
https://sputnik.kz/20220329/resey-putin-zelenskiy-23825701.html
https://sputnik.kz/20220303/ukrainadan-qashqan-bosqyndar-sany-bir-aptada-millionga-zhetti---23254371.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23859847_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_077eacb2c872f16dc9b2c82a4aa6be66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Желіде украин әскерилерінің тұтқындарға көрсеткен қатыгездігі, оларды азаптап өлтірген сәті түскен видеолар көптеп тарап жатыр. Украина Қарулы күштері және ұлттық батальон әскерилері өз беттерін бүркеместен, ашық түрде ресейлік сарбаздарды атып жатқанын видеоға түсіріп жатыр. Ал Киев олардың әрекетін тек сөз жүзінде сөккеннен арыға бармай отыр, деп жазды
РИА Новости.Украина Қарулы күштері жақында жариялаған видеода Киев облысынан өтетін орман алқабындағы тас жол бейнеленген. Ресей әуе-десант әскерінің киімін киген төрт сарбаз қансырап асфальт үстінде жатыр. Бірі әлі тірі. Бірақ оған ешкім көмектесуге талпынып жатқан жоқ. Керісінше, украин сарбазы автоматтан үш рет оқ атып, оны өлтіреді.
Жалпы украиндердің көңілі көтеріңкі екені байқалады: олар өзара қалжыңдасып, бірін-бірі видеоға түсіріп жүр. Ал ресейлік әскерилердің мәйіті жандарында жерде жатыр, барлығы басына оқ атып өлтірілген, бірінің қолы артына қаратып байланған. Кейіннен анықталғандай, видео 30 наурызда түсірілген. Ресей әскері Киев облысынан кетіп жатқан кезде десанттық әскери машина қоршауда қалып қойған.
"Украина Қарулы күштері мен басқа да украин әскери құрылымдары әскерилерінің әрекеті Әскери тұтқындарға қарау туралы Женева конвенциясын өрескел бұзып отыр", - деді Ресейдің Тергеу комитеті. Тергеу комитетінің төрағасы қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді, ұлтшылдардың қылмыстық әрекетінің айғағын тіркеп, олардың жеке басын анықтауды тапсырды.
Әлеуметтік желіде видеоның кейбір "кейіпкерлері" тез-ақ анықталды. Болжам бойынша, олар "Грузин легионының" содыры Теймураз Хизанишвили мен Киев тумасы Алексей Антонюк. Олар Донбаста іссапарда жиі болған және әскери іс-тәжірибесі үлкен.
Тұтқындарды алғашқы азаптау видеосы 27 наурызда желіде пайда болды. Кадрда нацистер жараланған ресейлік сарбаздарды қинап жатқаны бейнеленген. Жауап алу кезінде олардың бірі жан тапсырғаны байқалады. Үшеуін аяғынан атқан. Медициналық көмек көрсетілмесе, мұндай жарақаттан адам тез қан жоғалтады. Дәл сол күні тағы бір жан түршіктірерлік видео пайда болды: нацист асқан қатыгездікпен қол-аяғы байлаулы әскериді пышақпен өлтіреді.
Кейінірек белгілі болғандай, тұтқындарды Харьков маңындағы Малая Роган ауылында орналасқан жергілікті сүт зауытының аумағында азаптаған. Ресейлік тергеу қызметінің мәліметінше, бұл қылмысқа 28 жастағы Сергей Величко мен 26 жастағы Константин Немичев қатысқан. Екеуі де ультраоңшыл идеологияны ұстанады, олар "Азов" полкі "Кракен" бөлімшесінің командалық құрамына кіреді. Тергеу комитеті оларға қатысты "Адамдар тобының аса қатыгездікпен екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу әрекеті" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұл жағдай әдетте Украинадағы нацистерді елемеуге тырысатын батыс журналитерінің де жағасын ұстатты. Көп БАҚ Киевті соғыс жүргізу ережелерін бұзды деп айыптады. Сондықтан тиісті жауап беру керек болды. Президен кеңесшісі Алексей Арестович әскери тұтқындарға қатысты жасалған мұндай әрекеттің қылмыс екенін мойындап, кінәлілерді жазалауға шақырды.
Наурыздың соңында Ыстанбұлда өткен кездесуде украин тарапынан келгендер ресейлік делегацияға дәл осы сөзді қайталады. Бірақ Величко да, Немичев те ұсталған жоқ. Киев тек мұндай видеоларды жариялауға тыйым салды.
Күні кеше Ресейдің қорғаныс министрлігі айырбастау бойынша украин тұтқынынан қайтарылған әскерилермен сұхбатты жариялады. Жауынгерлер өздерінің соққыға жығылғандары, суық бөлмеде ұстап, аштан қатырғандарын айтып берді. Өздерінің қалай өлтірілетіндерін дауыстап талқылап, оларға психологиялық қысым жасалғаны белгілі болды. Әсіресе, ұшқыштарды тәулік бойы азаптап, ұйқыға кетсе, азаптаймыз деп қорқытқан.
Ал өз еркімен берілген украин сарбаздарына республикалық аурухана мен госпитальде күтім жасалып, оларды тамақтандырып, тіпті туыстарына хабарласуға мүмкіндік беріп отыр.
"Қарсы тараптың сарбаздарын азаптау және атуға қарсымыз. Соғыс іс-қимылы аяқталған соң, өз сарбаздарымызға айырбастаймыз. Ал әскери қылмыс жасағандарды сотқа тартамыз. Жақында Мариупольде 250-ден астам теңіз жаяу әскері сарбазы берілді. Біз оларды азаптасақ, олар мұндай қадамға бармас еді", - дейді Донецк халық республикасы армиясының офицері Береза.
РИА Новости жазғандай, украин күш құрылымдары өкілдерінің ресейлік әскерилерге көрсеткен азабы "ДАИШ" содырларын немесе мексикалық есірткі саудагерлерін еске түсіреді.
* Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.