https://sputnik.kz/20220407/qazaqstandyqtar-biznes-mikrokredit-24057863.html
Қазақстандықтарға бизнес ашуға 6%-тік микрокредит беріледі
Қазақстандықтарға бизнес ашуға 6%-тік микрокредит беріледі
Sputnik Қазақстан
Халықтың табысын арттыру бағдарламасын аясында 197 миллиард теңге бөлінеді 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T16:31+0500
2022-04-07T16:31+0500
2022-04-07T16:31+0500
кредит
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_0:150:1921:1230_1920x0_80_0_0_2eb8e6423ba21f96095e296630602f53.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Халықтың табысын арттыру бағдарламасына республикалық бюджеттен 197 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде Халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 миллиард теңге қарастырылды.Вице-министр бұл қаржы қандай бағыттарға жұмсалатынын түсіндірді.Екіншісі – "Алғашқы жұмыс орны", түлектерге арналған "Жастар практикасы" жобалары аясында жастарды қолдау. Шығын – 18 миллиард теңге.Қоғамдық жұмыс жобаларын жүзеге асыруға және жаңа "Күміс жас" жобасын енгізуге 38 миллиард теңге жұмсалады.Сондай-ақ жекеменшік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананың ақысын субсидиялауға 40 миллиард теңге бағытталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_40:0:1879:1379_1920x0_80_0_0_8f54322bf11e8b63294430f7f30abccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит
Қазақстандықтарға бизнес ашуға 6%-тік микрокредит беріледі
Халықтың табысын арттыру бағдарламасын аясында 197 миллиард теңге бөлінеді
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Халықтың табысын арттыру бағдарламасына республикалық бюджеттен 197 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде Халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 миллиард теңге қарастырылды.
Вице-министр бұл қаржы қандай бағыттарға жұмсалатынын түсіндірді.
"Біріншісі – 10 мың азаматқа өз бизнесін ашуға микрокредит беру. Бұған 40 миллиард теңге бөлінеді. Бағдарлама мақсаты – ауыл халқын тұрақты қосымша табыспен қамтамасыз ету. Кредит 6 процентпен, 7 жыл мерзімге қайтарымды негізде беріледі", - деді Савельева мәжілісте заң жобасын таныстырып жатып.
Екіншісі – "Алғашқы жұмыс орны", түлектерге арналған "Жастар практикасы" жобалары аясында жастарды қолдау. Шығын – 18 миллиард теңге.
Қоғамдық жұмыс жобаларын жүзеге асыруға және жаңа "Күміс жас" жобасын енгізуге 38 миллиард теңге жұмсалады.
Сондай-ақ жекеменшік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананың ақысын субсидиялауға 40 миллиард теңге бағытталады.