https://sputnik.kz/20220407/qazaqstan-zhana-ush-oblys-24060441.html
Қазақстанның жаңа үш облысы 1 шілдеге дейін бөлінеді
Қазақстанның жаңа үш облысы 1 шілдеге дейін бөлінеді
Sputnik Қазақстан
Ол уақытқа дейін мемлекеттік органдар жаңа өңірлердің шекарасын анықтап, оларды қаржыландыру мәселесін де шешеді 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T17:37+0500
2022-04-07T17:37+0500
2022-04-07T17:37+0500
семей
жетісу
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23556488_0:53:1080:661_1920x0_80_0_0_74c6dba17f39012228357f2aa0869870.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстанда жаңа үш облыс құру бойынша жұмыс осы жылдың бірінші шілдесіне дейін аяқталады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Татьяна Савельева айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Облыстарды құру жұмысы 1 шілдеге қарай аяқталады. Саяси шешімдердің басым бөлігі сәуір айының соңына дейін қабылданады. Сол себепті қаржыландыру кешірек болады", - деді вице-министр.Үш жылға нақтыланған бюджетте жаңа өңірлерге қаржы қарастырылды ма деген сұраққа Савельева "жоқ" деп жауап берді.Айта кетері, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикада тағы үш облыс құруды ұсынды.Атап айтқанда, Семей аймағында Абай облысы құрылады. Орталығы Семей қаласы болады.Ал бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысы пайда болады. Облыс орталығы – Жезқазған қаласы.Бұдан бөлек, Алматы облысы екіге бөлінеді. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағай, ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады.Жақында Абай облысына кіретін аудандар анықталды. Оған облыстық маңызы бар екі қала – Семей мен Курчатов, сондай-ақ, 8 аудан – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті мен Аксуат кіреді.Ал Шығыс Қазақстан облысында Өскемен мен Ридер, сондай-ақ, 9 аудан – Алтай, Глубоковской, Зайсаң, Қатонқарай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Самар мен Тарбағатай қалады.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23556488_112:0:1072:720_1920x0_80_0_0_0e85df6d3edb1b5085ceed5876a4029a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, жетісу
Қазақстанның жаңа үш облысы 1 шілдеге дейін бөлінеді
Ол уақытқа дейін мемлекеттік органдар жаңа өңірлердің шекарасын анықтап, оларды қаржыландыру мәселесін де шешеді
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстанда жаңа үш облыс құру бойынша жұмыс осы жылдың бірінші шілдесіне дейін аяқталады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Татьяна Савельева айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстарды құру жұмысы 1 шілдеге қарай аяқталады. Саяси шешімдердің басым бөлігі сәуір айының соңына дейін қабылданады. Сол себепті қаржыландыру кешірек болады", - деді вице-министр.
Үш жылға нақтыланған бюджетте жаңа өңірлерге қаржы қарастырылды ма деген сұраққа Савельева "жоқ" деп жауап берді.
"Бюджетте облыстарды бөлуге ақша көзделмеген, әлі әкімшілік процедуралар жүріп жатыр. Бізде бюджет бөлуге қатысты бірнеше нұсқа бар – бюджетті нақтылау немесе бюджетті түзету. Қайсысы ең жылдам және тиімді болса, соны қолданамыз", - деді ол.
Айта кетері, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикада тағы үш облыс құруды ұсынды.
Атап айтқанда, Семей аймағында Абай облысы құрылады. Орталығы Семей қаласы болады.
Ал бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысы пайда болады. Облыс орталығы – Жезқазған қаласы.
Бұдан бөлек, Алматы облысы екіге бөлінеді. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағай, ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады.
Жақында Абай облысына кіретін аудандар анықталды. Оған облыстық маңызы бар екі қала – Семей мен Курчатов, сондай-ақ, 8 аудан – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті мен Аксуат кіреді.
Ал Шығыс Қазақстан облысында Өскемен мен Ридер, сондай-ақ, 9 аудан – Алтай, Глубоковской, Зайсаң, Қатонқарай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Самар мен Тарбағатай қалады.