Қазақстан Сингапур компаниясымен бірге Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб құрады

© Photo : Пресс-служба АО "Национальная компания "Казахстан темир жолы"морской порт Актау
морской порт Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
Министрліктің Көлік комитеті Ақтау портында контейнерлік хаб құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр
АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сингапур компаниясымен бірге Каспийде хаб құруға келісті.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Берік Камалиев пен Сингапурдың PSA International Pte Ltd компаниясының вице-президенті Ли Пен Ги көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық перспективалары, оның ішінде Ақтау портында контейнерлік хаб құру жобасы, кедендік және сауда үрдістерін цифрландыру мәселелерін талқылады", - деп хабарлады министрлік.
Компания өкілдері Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тасымалдарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытқан.
Кездесу қорытындысында тараптар тиісті жол картасын бекітуге келісті. Министрліктің Көлік комитеті Ақтау портында контейнерлік хаб құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Контейнерлік хаб құру порт арқылы өтетін контейнер ағынын 100 мың ЖФЭ дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетері, 2022 жылдың І тоқсанның қорытындысында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымал көлемі өткен жылдың сәйкес дәл осы кезеңімен салыстырғанда 4%-ке өскен.
Жаңалықтар
0