Өңірлер

Өзен үстіне салынған: Қарағандыда бірер жыл бұрын берілген баспана бұзылатын болды

© телеканал "Астана" Потоп в Караганде
Потоп в Караганде - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
Жұрт пәтерлерді 15- 20 жылға ипотекамен алған
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қарағанды қаласында үш көпқабатты тұрғын үй суға кетті. Ондағы 50 -ден астам отбасы шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады Астана тв.
Мамандардың айтуынша, бұл баспаналар Бұқпа өзенінің үстіне салынған. Енді жергілікті әкімдік ол үйлерді бұзамыз, дейді. Пайдалануға берілгеніне 4-ақ жыл болған үйдің тұрғындары баспанасыз қалайын деп тұр.
Елуден астам отбасы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Өйткені су деңгейінің көтерілгені соншалық тұрғындарға электр сымдарынан қауіп төнген.
Мәселе суда емес, басқада болып шықты. Сарқыраған суды тұрғындар кеше ауладағы бетондарды аршыған кезде ғана көріпті.
Төрт жыл бұрын ғана пайдалануға берілген баспананы жеке кәсіпкер салып, сатқан. Жұрт пәтерлерді 15- 20 жылға ипотекамен алған.
Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, үйлердің өзен арнасына салынуы кез келген құрылыс ережесіне қайшы. Қатты ағыс нысанды құлатпай қоймайды.
Қазірдің өзінде шеткі үйдің іргетасы ажырай бастаған.
"Үш үй де қауіпті жерде тұр. Бұл 2012жылға дейін су сақтайтын аумақ болған. Сатып алған кісі осы жерге үй салған. Тексерген кезде кім рұқсат берді. Қандай уақытта рұқсат берді. Неге берілді? Соның бәрін құқық қорғау органдары тексереді", - дейді қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Үйлерге техникалық сараптама жасалмақшы. Содан кейін ғана шешім шығарылады. Пәтер иелері басқа үйге көшірілуі мүмкін. Ал құрылыс компаниясын әкімдік сотқа бермек.
Жаңалықтар
0