https://sputnik.kz/20220407/qantar-oqigasy-qylmystyq-top-24060670.html
Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық топтан зардап шеккендерді іздеп жатыр
Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық топтан зардап шеккендерді іздеп жатыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендер мен оқиға куәгерлерін іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T21:15+0500
2022-04-07T21:15+0500
2022-05-23T14:20+0500
қылмыстық топ
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094574_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_84449d005a118c4e4b9053e78da5c8e1.jpg
АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендер мен оқиға куәгерлерін іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазір полицияның тергеу-жедел тобы жаппай тәртіпсіздік дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде."Тергеу кезінде қылмыстық топ 2022 жылдың 5-6 қаңтарында Алматы қаласының көшелерінде физикалық күш қолданып, азаматтарды заңсыз тұтқындап, ұрып-соғып, еркінен тыс "Қазақстан" қонақ үйінің ғимаратында орналасқан "BallRoom" мейрамханасының залында, сондай-ақ "Esentai Tower" бизнес орталығының көлік тұрағында ұстап отырғаны анықталды. Кейіннен ұсталғандардың бірі алған жарақатынан көз жұмды", - делінген Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Зардап шеккендердің көпшілігі анықталып, тергеу амалдары жүргізілді.Құқық қорғаушылар аталған қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен, сондай-ақ осы оқиғалардың куәгері болған адамның бәрін Желтоқсан көшесі, 189 мекенжайы бойынша Алматы қаласы прокуратурасының ғимаратына келіп, бар білгенін тергеу-жедел тобына хабарлауын сұрады. Байланыс телефондары: 8-775-888-03-65; 8-775-644-95-96.Бұған дейін "Дикий Арманның" қылмыстық тобы бейбіт тұрғындарды көшеден ұрлап, полицияға жеткізгені хабарланды. Жуырда елдің бас прокуроры Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің алты қызметкері осы қылмыстық топ ұрлаған 24 азаматты азаптады деп айыпталып отырғанын айтты. Салдарынан жәбірленушілердің барлығы дене жарақатын алған. Бір адам қаза болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094574_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5304b583fffc7580af1e33adb628970c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ, тәртіпсіздік
қылмыстық топ, тәртіпсіздік
Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық топтан зардап шеккендерді іздеп жатыр
21:15 07.04.2022 (жаңартылды: 14:20 23.05.2022) АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендер мен оқиға куәгерлерін іздеп жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазір полицияның тергеу-жедел тобы жаппай тәртіпсіздік дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде.
"Тергеу кезінде қылмыстық топ 2022 жылдың 5-6 қаңтарында Алматы қаласының көшелерінде физикалық күш қолданып, азаматтарды заңсыз тұтқындап, ұрып-соғып, еркінен тыс "Қазақстан" қонақ үйінің ғимаратында орналасқан "BallRoom" мейрамханасының залында, сондай-ақ "Esentai Tower" бизнес орталығының көлік тұрағында ұстап отырғаны анықталды. Кейіннен ұсталғандардың бірі алған жарақатынан көз жұмды", - делінген Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккендердің көпшілігі анықталып, тергеу амалдары жүргізілді.
"Алайда болған оқиғаны толық анықтау үшін тергеу арқылы анықталмаған куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтары қажет", - деп түсіндірді полиция.
Құқық қорғаушылар аталған қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен, сондай-ақ осы оқиғалардың куәгері болған адамның бәрін Желтоқсан көшесі, 189 мекенжайы бойынша Алматы қаласы прокуратурасының ғимаратына келіп, бар білгенін тергеу-жедел тобына хабарлауын сұрады. Байланыс телефондары: 8-775-888-03-65; 8-775-644-95-96.
Бұған дейін "Дикий Арманның" қылмыстық тобы бейбіт тұрғындарды көшеден ұрлап, полицияға жеткізгені хабарланды. Жуырда елдің бас прокуроры Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің алты қызметкері осы қылмыстық топ ұрлаған 24 азаматты азаптады деп айыпталып отырғанын айтты. Салдарынан жәбірленушілердің барлығы дене жарақатын алған. Бір адам қаза болды.