Нұр-Сұлтанда "Camry" көлігінен тапанша мен 12 мемлекеттік тіркеу нөмірі табылды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневПолицей автокөлігі, архивтегі фото
Полицей автокөлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
Тұран даңғылының бойында патрульдік полиция қара түсті "Toyota Camry" көлігін тоқтатты
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Астаналық полицейлер 35 жастағы ер адамның көлігінен 12 мемлекеттік тіркеу нөмірі мен тапанша тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 6 сәуір күні Тұран даңғылының бойында патрульдік полиция қара түсті "Toyota Camry" көлігін тоқтатқан.
"Тексеру барысында 35 жастағы автокөлік иесінен есептен шығарылған 12 мемлекеттік тіркеу нөмірі, жиналмалы пышақ, газ тапаншасы және 4 оқ табылып, тәркіленді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сараптама тағайындалды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
"Аталған адамның елорда аумағындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Айта кетері, 287-бап бойынша 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 126 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0