https://sputnik.kz/20220407/nur-sultan-astana-lrt-usynys-24053013.html
Нұр-Сұлтан әкімдігіне "Астана LRT" жобасы жайында 400-ден астам ұсыныс түсті
Нұр-Сұлтан әкімдігіне "Астана LRT" жобасы жайында 400-ден астам ұсыныс түсті
Sputnik Қазақстан
Ел басшылығы елордадағы көлік жобасының әу баста үлкен қателік болғанын мойындады 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T14:44+0500
2022-04-07T14:44+0500
2022-04-07T14:45+0500
астана lrt
https://sputnik.kz/img/991/49/9914990_48:0:2453:1353_1920x0_80_0_0_92c83f948bed0a19f93e5b8a0dfa7c77.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігіне "Astana LRT" жобасы бойынша 400-ден астам ұсыныс түскен. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісінің ресми сауалына жауап берген елорда әкімшілігі хабарлады.Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазір "Астана бас жоспары" ҒЗЖИ" ЖШС-ның урбанистика орталығы отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр."Қазіргі уақытта LRT жобасы бойынша оңтайлы шешімдерді анықтау үшін тұрғындардан ақпарат, ұсыныстар мен пікірлер жиналып жатыр. LRT жобасына ұсыныс қабылдау бойынша жарияланған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда 400-ден астам ресми өтініш түскен", - деп жауап берді әкімдік.Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Astana LRT" жобасының әу баста үлкен қателік болғанын ерекше атап өтті."Ол жобадан жемқорлықтың иісі ұрып тұр. Енді, тиімді шешім қабылдау қажет. Оны жай бұза салатын болсақ, уақыт та, ақша да текке кетеді. Бізде басқа амал жоқ. Отандық және шетелдік сәулетшілерді, урбанистерді шақырып, осы жобаны ары қарай пайдаланудың жолдарын анықтаумыз керек", - деп атап өтті мемлекет басшысы.Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне қала тұрғындары мен сәулетшілердің пікірін жинақтап, атышулы жобаның тағдырын шешуді тапсырды.Атышулы LRT2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев LRT құрылысы тым қымбатқа түсетінін мәлімдеді. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлар келді. Ал 2019 жылы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алып, осы жобаның тиімділігіне сенбейтінін айтты.LRT-ның құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деген жоспар болған. Алайда қытайлық инвесторлар қаржыландыруды тоқтатты. Артынан "Астана банкінде" тағы 200 миллион доллардың бұғатталып қалғаны туралы ақпарат тарады. Биыл наурыз айында Есеп комитеті бұл жоба өзін ақтамайтынын мәлімдеді.Ал маусым айында елорда әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысының қайта жанданғанын мәлімдеді. LRT-ны толығымен аяқтау үшін қосымша 1 миллиард доллар қажет.Сот қалай басталды"Астана ЛРТ" ісі бойынша сот процесі Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың күзінде басталды. Іске жеті адам тартылды, оларға 5,8 миллиард теңге (13 миллион доллардан астам) көлемінде ұрлық жасады деген айып тағылды. Іске қатысқан тағы екі адам – елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.Үкім 2021 жылдың мамырында шығарылды. Жеті адам 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, "НұрТрейд" ЖШС ("Астана LRT"-ның қосалқы мердігері) бұрынғы директоры Улугбек Ачилов, мердігердің өкілдері Тимур Қасабаев, Дәурен Әбдіхамитов 8 жылға сотталды.Ал "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім мен мердігердің тағы бір өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/991/49/9914990_348:0:2152:1353_1920x0_80_0_0_80bf1a632b4f1ce13976b5d985591e7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана lrt
Нұр-Сұлтан әкімдігіне "Астана LRT" жобасы жайында 400-ден астам ұсыныс түсті
14:44 07.04.2022 (жаңартылды: 14:45 07.04.2022) Ел басшылығы елордадағы көлік жобасының әу баста үлкен қателік болғанын мойындады
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігіне "Astana LRT" жобасы бойынша 400-ден астам ұсыныс түскен. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісінің ресми сауалына жауап берген елорда әкімшілігі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазір "Астана бас жоспары" ҒЗЖИ" ЖШС-ның урбанистика орталығы отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Қазіргі уақытта LRT жобасы бойынша оңтайлы шешімдерді анықтау үшін тұрғындардан ақпарат, ұсыныстар мен пікірлер жиналып жатыр. LRT жобасына ұсыныс қабылдау бойынша жарияланған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда 400-ден астам ресми өтініш түскен", - деп жауап берді әкімдік.
Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Astana LRT" жобасының әу баста үлкен қателік болғанын ерекше атап өтті.
"Ол жобадан жемқорлықтың иісі ұрып тұр. Енді, тиімді шешім қабылдау қажет. Оны жай бұза салатын болсақ, уақыт та, ақша да текке кетеді. Бізде басқа амал жоқ. Отандық және шетелдік сәулетшілерді, урбанистерді шақырып, осы жобаны ары қарай пайдаланудың жолдарын анықтаумыз керек", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне қала тұрғындары мен сәулетшілердің пікірін жинақтап, атышулы жобаның тағдырын шешуді тапсырды.
2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев LRT құрылысы тым қымбатқа түсетінін мәлімдеді. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлар келді. Ал 2019 жылы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алып, осы жобаның тиімділігіне сенбейтінін айтты.
LRT-ның құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деген жоспар болған. Алайда қытайлық инвесторлар қаржыландыруды тоқтатты. Артынан "Астана банкінде" тағы 200 миллион доллардың бұғатталып қалғаны туралы ақпарат тарады. Биыл наурыз айында Есеп комитеті бұл жоба өзін ақтамайтынын мәлімдеді.
Ал маусым айында елорда әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысының қайта жанданғанын мәлімдеді. LRT-ны толығымен аяқтау үшін қосымша 1 миллиард доллар қажет.
"Астана ЛРТ" ісі бойынша сот процесі Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың күзінде басталды. Іске жеті адам тартылды, оларға 5,8 миллиард теңге (13 миллион доллардан астам) көлемінде ұрлық жасады деген айып тағылды. Іске қатысқан тағы екі адам – елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.
Үкім 2021 жылдың мамырында шығарылды. Жеті адам 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, "НұрТрейд" ЖШС ("Астана LRT"-ның қосалқы мердігері) бұрынғы директоры Улугбек Ачилов, мердігердің өкілдері Тимур Қасабаев, Дәурен Әбдіхамитов 8 жылға сотталды.
Ал "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім мен мердігердің тағы бір өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.