https://sputnik.kz/20220407/ministrlik-striptiz-shou-aryz-24045786.html
Министрлікке қарасты мекемедегі стриптиз-шоу: Мусин шағым расталмағанын айтты
Министрлікке қарасты мекемедегі стриптиз-шоу: Мусин шағым расталмағанын айтты
Sputnik Қазақстан
Әділет министрлігіне қарасты мекеменің қызметкері 8 наурыздың алдында ақша тапсыруға мәжбүрлегені туралы жазған. Ал мейрам кезінде әйелдерге стриптиз-шоу... 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T11:17+0500
2022-04-07T11:17+0500
2022-04-07T11:56+0500
қоғам
шағым
https://sputnik.kz/img/89/24/892496_0:0:4928:2773_1920x0_80_0_0_e870063b4f5098a17fcb461bb08a1cdb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Әділет министрі Қанат Мусин ұлттық зияткерлік меншік институтына жіберілген тексерістің аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ал тілшілердің "Сонда шағымда жазылған фактілер расталды ма?" деген сұрағына: "Жоқ",- деп қысқа ғана жауап берді. Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде ұлттық зияткерлік меншік институтында жұмыс істейтін қызметкердің видеосы тараған болатын. Көлік жүргізушісі РМК-да әйелдер қауымын құттықтау үшін әрбір қызметкерді 15 мың теңгеден тапсыруға мәжбүрлегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ақшаға стритиз-шоу ұйымдастырылды. Ал қарсылық білдірген қызметкерге қысым жасалып, ешбір себепсіз жұмыстан шығаруға тырысқан. 28 наурызда Мусин корпоративтегі стритиз-шоу бойынша тексерістің басталғанын айтқан. Министр тексерістен кейін барлық кінәлі адамның жазасын алатынына сендірді. Ұлттық зияткерлік меншік институты әділет министрлігіне қарайды. Мекеме өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент беруге, тауар мен қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылатын жерлердiң атауларын мемлекеттік тіркеуге және оған айрықша құқықты ұсынуға өтінімдердің сараптамалық қорытындысын жасайды.Сонымен бірге бұрын тіркелген тауар шығарылатын жерлердiң атауына айрықша құқықты ұсынуға өтінімдердің сараптамасын жүргізеді.
https://sputnik.kz/20220328/ministr-korporativ-striptiz-23785910.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/89/24/892496_576:0:4928:3264_1920x0_80_0_0_55dacff3c312a38a09621403ed0d3bc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шағым
Министрлікке қарасты мекемедегі стриптиз-шоу: Мусин шағым расталмағанын айтты
11:17 07.04.2022 (жаңартылды: 11:56 07.04.2022) Әділет министрлігіне қарасты мекеменің қызметкері 8 наурыздың алдында ақша тапсыруға мәжбүрлегені туралы жазған. Ал мейрам кезінде әйелдерге стриптиз-шоу көрсетілген
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Әділет министрі Қанат Мусин ұлттық зияткерлік меншік институтына жіберілген тексерістің аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Тексеріс жүргізілді. Осы бір-екі күннің ішінде бітеді. Нәтижесін бекітеміз де, шара қолданамыз", - деді Мусин журналистерге берген сұхбатында.
Ал тілшілердің "Сонда шағымда жазылған фактілер расталды ма?" деген сұрағына: "Жоқ",- деп қысқа ғана жауап берді.
Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде ұлттық зияткерлік меншік институтында жұмыс істейтін қызметкердің видеосы тараған болатын. Көлік жүргізушісі РМК-да әйелдер қауымын құттықтау үшін әрбір қызметкерді 15 мың теңгеден тапсыруға мәжбүрлегенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, ақшаға стритиз-шоу ұйымдастырылды. Ал қарсылық білдірген қызметкерге қысым жасалып, ешбір себепсіз жұмыстан шығаруға тырысқан.
28 наурызда Мусин корпоративтегі стритиз-шоу бойынша тексерістің басталғанын айтқан. Министр тексерістен кейін барлық кінәлі адамның жазасын алатынына сендірді.
Ұлттық зияткерлік меншік институты әділет министрлігіне қарайды. Мекеме өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент беруге, тауар мен қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылатын жерлердiң атауларын мемлекеттік тіркеуге және оған айрықша құқықты ұсынуға өтінімдердің сараптамалық қорытындысын жасайды.
Сонымен бірге бұрын тіркелген тауар шығарылатын жерлердiң атауына айрықша құқықты ұсынуға өтінімдердің сараптамасын жүргізеді.