https://sputnik.kz/20220407/almaty-bes-adam-duzhnov-24047234.html
Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужнов сотта кінәсін мойындамады
Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужнов сотта кінәсін мойындамады
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, оған қолына қару алуға жеке сот орындаушысының, полиция және үйдің жаңа иесінің әрекеті мәжбүр еткен 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T11:51+0500
2022-04-07T11:51+0500
2022-04-07T11:55+0500
қоғам
алматы
атыс
баспана
https://sputnik.kz/img/07e5/09/15/18185205_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_80b19e61cbaf3b167a9eede5c18af672.jpg
АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Алматылық Игорь Дужнов сот отырысында бес адамды қасақана өлтіргені үшін кінәсін мойындамайтынын, отбасын үйінің аумағына заңсыз кірген адамдардан қорғауға тырысып, қорғану мақсатында әрекет еткенін айтты. Бес адамды, оның ішінде жеке сот орындаушысы мен екі полиция қызметкерін өлтірді деп айыпталған Дужнов 2021 жылдың 20 қыркүйегінде болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. Оның сөзінше, банктен кредит алып, отбасы құны кредит сомасынан үш есе көп коммерциялық жылжымайтын мүлік пен үйді кепілге қойған. Кредит төлеу мүмкіндігі болмағаннан кейін банк кепіл мүлкін сатуға шешім қабылдады. Сотталушының айтуынша, мәселе әділ шешілуі үшін прокуратура да, президент әкімшілігі де ол жүгінген, алайда жауап болмаған. "2021 жылдың 20 қыркүйегінде үйден заңсыз шығаратын болды. Сот орындаушысы мен сатып алушы, учаскелік полиция және олардың тарапынан басқа да адамдар келді. Біздің тарап бұл күні көшіру заңсыз екенін түсіндірді. Сот шешімі бар, онда сот істі шешкенге дейін ешқандай әрекет жасауға болмайды деп көрсетілген. Бірақ сот орындаушысы да, сатып алушы Тұрғанов та мұны тыңдағысы келмеді", - деді Дужнов сотта. Оның айтуынша, оған қолына қару алуға жеке сот орындаушысының, полиция және үйдің жаңа иесінің әрекеті мәжбүр еткен, олар үйдің аумағына кірген. "Мен ешқандай заңды әрекет көмектеспейтінін түсіндім. Біз прокурорды, қамқоршылық органдарын шақырдық, жағдайды үйден шығармақ болғандарға түсіндірдік. Мен отбасымды көшеге шығарып жіберетінін түсіндім. Барлық заңды әдіс заңсыз әрекетті тоқтата алмайды. Заңсыз әрекеттерді тек менің үйімнің аумағына кірген қарсыласты жеңуге бағытталған белсенді қарсылық арқылы тоқтатуға болады", - деп түсіндірді Игорь Дужнов. Оның айтуынша, содан кейін ол қаруы жатқан гаражға барып, он оқты салып, қайтадан аулаға келген. "Ыңғайланып тұрып, үйге кіргендерге "қабырғаға қараңдар" дедім. Үйде баса көктеп кіруге қатысы жоқ адамдарға, атап айтқанда заңгер мен қамқоршылықтан келген әйелге шетке тұруға мүмкіндік бердім. Олар тыныш шығып кетті. Басып кірген топты атқаннан кейін көшеде көмекке келетін полицейлер тұрғанын түсіндім. Жауынгерлік әрекетке бармауы үшін көлікке қарай бір оқ аттым. Оларды өлтіру мақсат болмады, олар менің үйімнің сыртында тұрды", - деп еске алды сотталушы. Қару ішіндегі оқ таусылған соң гаражға барып, екінші рет оқтаған. Артынша үйінің екінші қабатына көтеріліп, болған жайтты ойланған. Тіпті өзін өлтіру туралы да ой болған. Алайда туыстарымен сөйлескеннен кейін бұл ойынан қайтып, полицияға берілген. Алайда жауап алу кезінде Дужнов сотқа өзінің кінәсін мойындамайтынын айтты. "Мен өзімді кінәлімін деп санамаймын. Менің кінәсіз екенімнің дәлелін жарыссөзде мен және менің адвокаттарым айтады", - деді Игорь Дужнов. Ол өзінің соттағы құқығын пайдаланып, айыптаушы мен жәбірленушінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Сот отырысының жалғасы сағат үште өтеді. Алматыдағы атыс 2021 жылдың 20 қыркүйегі кешке Алматы тұрғыны Игорь Дужнов отбасын үйден шығаруға келген адамдарға оқ атты. Бес адам қайтыс болды: екі полицей, бір сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның өкілі. Күдіктінің отбасына тиесілі тұрғын үй оның алдында банкке қарыз бойынша үшінші тарапқа сатылған. Үйдің бұрынғы иесі сот шешімімен келіспей, үйді босатқысы келмеген. Сотта Дужнов адамдардың өліміне байланысты өкінетінін айтты. Ол мұндай жағдайға "заңсыздық пен сот озбырлығы, сот орындаушысының заңсыз әрекеттері" себеп болғанын айтты. Бұған дейін алдын ала сот отырысында бас прокуратура Дужнов қылмысты жоспарлаған, ол карабинді оқтап, гаражға жасырған деп мәлімдеді. Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің аға прокуроры Шыңғысхан Пұсырмановтың айтуынша, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі, адвокаттың көмекшісі аулаға кірге кезде Дужнов қаруын алуға барған. Тергеу Дужновтың ауласына кірген адамдарды қабырғаға қаз-қатар тұрғызып, бірінен соң бірін атқанын анықтады. Содан кейін ол көшеге шығып, сол жерде тұрған полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған. Бірақ олар көліктің артына жасырынып үлгерген, олардың бірі оқ жаудырған адамның қаруын тартып алды. Жалпы алғанда Дужнов карабиннен 10 рет оқ атқан, оның ішінде тоғызын сегіз секундта атты.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/15/18185205_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_4328f2f064a1254971da328f55989851.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, атыс, баспана
Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужнов сотта кінәсін мойындамады
11:51 07.04.2022 (жаңартылды: 11:55 07.04.2022) Оның айтуынша, оған қолына қару алуға жеке сот орындаушысының, полиция және үйдің жаңа иесінің әрекеті мәжбүр еткен
АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Алматылық Игорь Дужнов сот отырысында бес адамды қасақана өлтіргені үшін кінәсін мойындамайтынын, отбасын үйінің аумағына заңсыз кірген адамдардан қорғауға тырысып, қорғану мақсатында әрекет еткенін айтты.
Бес адамды, оның ішінде жеке сот орындаушысы мен екі полиция қызметкерін өлтірді деп айыпталған Дужнов 2021 жылдың 20 қыркүйегінде болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты.
Оның сөзінше, банктен кредит алып, отбасы құны кредит сомасынан үш есе көп коммерциялық жылжымайтын мүлік пен үйді кепілге қойған. Кредит төлеу мүмкіндігі болмағаннан кейін банк кепіл мүлкін сатуға шешім қабылдады.
"Бірақ банк тарапы үлкен алаяқтыққа барды. Банк коммерциялық нысанды өзі белгілеген нарықтан әлдеқайда арзан бағада сатуға шығарып, өзі сатып алды. Содан кейін де біз банкке қарыз болып қалдық. Артынша банк біздің үйімізді де тартып алды", - деді Дужнов.
Сотталушының айтуынша, мәселе әділ шешілуі үшін прокуратура да, президент әкімшілігі де ол жүгінген, алайда жауап болмаған.
"2021 жылдың 20 қыркүйегінде үйден заңсыз шығаратын болды. Сот орындаушысы мен сатып алушы, учаскелік полиция және олардың тарапынан басқа да адамдар келді. Біздің тарап бұл күні көшіру заңсыз екенін түсіндірді. Сот шешімі бар, онда сот істі шешкенге дейін ешқандай әрекет жасауға болмайды деп көрсетілген. Бірақ сот орындаушысы да, сатып алушы Тұрғанов та мұны тыңдағысы келмеді", - деді Дужнов сотта.
Оның айтуынша, оған қолына қару алуға жеке сот орындаушысының, полиция және үйдің жаңа иесінің әрекеті мәжбүр еткен, олар үйдің аумағына кірген.
"Мен ешқандай заңды әрекет көмектеспейтінін түсіндім. Біз прокурорды, қамқоршылық органдарын шақырдық, жағдайды үйден шығармақ болғандарға түсіндірдік. Мен отбасымды көшеге шығарып жіберетінін түсіндім. Барлық заңды әдіс заңсыз әрекетті тоқтата алмайды. Заңсыз әрекеттерді тек менің үйімнің аумағына кірген қарсыласты жеңуге бағытталған белсенді қарсылық арқылы тоқтатуға болады", - деп түсіндірді Игорь Дужнов.
Оның айтуынша, содан кейін ол қаруы жатқан гаражға барып, он оқты салып, қайтадан аулаға келген.
"Ыңғайланып тұрып, үйге кіргендерге "қабырғаға қараңдар" дедім. Үйде баса көктеп кіруге қатысы жоқ адамдарға, атап айтқанда заңгер мен қамқоршылықтан келген әйелге шетке тұруға мүмкіндік бердім. Олар тыныш шығып кетті.
Басып кірген топты атқаннан кейін көшеде көмекке келетін полицейлер тұрғанын түсіндім. Жауынгерлік әрекетке бармауы үшін көлікке қарай бір оқ аттым. Оларды өлтіру мақсат болмады, олар менің үйімнің сыртында тұрды", - деп еске алды сотталушы.
Қару ішіндегі оқ таусылған соң гаражға барып, екінші рет оқтаған. Артынша үйінің екінші қабатына көтеріліп, болған жайтты ойланған. Тіпті өзін өлтіру туралы да ой болған. Алайда туыстарымен сөйлескеннен кейін бұл ойынан қайтып, полицияға берілген.
Алайда жауап алу кезінде Дужнов сотқа өзінің кінәсін мойындамайтынын айтты.
"Мен өзімді кінәлімін деп санамаймын. Менің кінәсіз екенімнің дәлелін жарыссөзде мен және менің адвокаттарым айтады", - деді Игорь Дужнов.
Ол өзінің соттағы құқығын пайдаланып, айыптаушы мен жәбірленушінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Сот отырысының жалғасы сағат үште өтеді.
2021 жылдың 20 қыркүйегі кешке Алматы тұрғыны Игорь Дужнов отбасын үйден шығаруға келген адамдарға оқ атты. Бес адам қайтыс болды: екі полицей, бір сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның өкілі.
Күдіктінің отбасына тиесілі тұрғын үй оның алдында банкке қарыз бойынша үшінші тарапқа сатылған. Үйдің бұрынғы иесі сот шешімімен келіспей, үйді босатқысы келмеген.
Сотта Дужнов адамдардың өліміне байланысты өкінетінін айтты. Ол мұндай жағдайға "заңсыздық пен сот озбырлығы, сот орындаушысының заңсыз әрекеттері" себеп болғанын айтты.
Бұған дейін алдын ала сот отырысында бас прокуратура Дужнов қылмысты жоспарлаған, ол карабинді оқтап, гаражға жасырған деп мәлімдеді.
Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің аға прокуроры Шыңғысхан Пұсырмановтың айтуынша, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі, адвокаттың көмекшісі аулаға кірге кезде Дужнов қаруын алуға барған.
Тергеу Дужновтың ауласына кірген адамдарды қабырғаға қаз-қатар тұрғызып, бірінен соң бірін атқанын анықтады. Содан кейін ол көшеге шығып, сол жерде тұрған полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған. Бірақ олар көліктің артына жасырынып үлгерген, олардың бірі оқ жаудырған адамның қаруын тартып алды.
Жалпы алғанда Дужнов карабиннен 10 рет оқ атқан, оның ішінде тоғызын сегіз секундта атты.