https://sputnik.kz/20220407/alfa-bank-klientter-shekteuler-24059612.html
Альфа-банк клиенттері үшін қандай шектеулер енгізілді
Альфа-банк клиенттері үшін қандай шектеулер енгізілді
Sputnik Қазақстан
Банк жеке және заңды тұлғаларға кредит беруді тоқтатады 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T17:02+0500
2022-04-07T17:02+0500
2022-04-07T17:02+0500
банк
шектеу
https://sputnik.kz/img/90/59/905989_0:172:3026:1874_1920x0_80_0_0_ad639ea641038033f1a16fa78f52f177.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Альфа-банк Қазақстан АҚШ-тың санкциялық тізіміне ілігуіне байланысты мәлімдеме жасады."6 сәуірде Альфа-Банк Қазақстан АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілді. Біз Қазақстан Ұлттық банкімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Қазір Альфа-Банктің кейбір сервистерінде уақытша шектеулер бар", - делінген ресми хабарламада.Уақытша тоқтатылған қызметтер:- жеке және заңды тұлғалар үшін АҚШ долларымен және еуромен аударым жасау;- валюта айырбастау;- Visa және MasterCard карталарының жұмысы (банктің ішкі желісінде істей береді);- банк бөлімшесінің кассаларында қолма-қол ақша беру;- жеке және заңды тұлғаларға кредит беру;- кредитті картадан картаға өтеу.- Альфа-Банктен басқа банктердің карталарымен заңды тұлғалар үшін POS-терминалдарда төлемдерді қабылдау;- заңды тұлға-клиенттер үшін эквайрингте және онлайн-сату төлемдері."Карталарды Альфа-Банк банкоматтарында қолдануға болады. Қазір шетелде жүрген клиенттер қолма-қол ақша шеше алады немесе басқа банктің карталарымен төлей алады. Ал кредитті банк бөлімшелерінде, БҚШ карталары, Альфа, Халық Банк төлем терминалдары, QIWI-терминалдар, Касса-24, Қазпошта және Киберплат арқылы өтеуге болады. Кредит шарттары өзгермейді", - дейді банк мамандары.Мобильді қосымшада ХҚЖ-ға қатысушы банктерге телефон нөмірі бойынша ақшаны теңгемен аударуға және тәулік лимиті шегінде басқа банктерге шот деректемелерін беруге болады.Бұдан бөлек, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақша алуға және аударуға уақытша лимиттер енгізілді. Олар:Банктің қалған сервистері штаттық режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ 2022 жылдың 24 ақпанына дейін ашылған депозиттер теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасына толық көлемде қатыса береді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін салым сомасының 10% төленеді. Банк сыйақысы да есептеледі."Бұл шектеулер Қазақстан Ұлттық банкінің Альфа-Банкті қолма-қол ақшамен қолдау жөніндегі мәселені шешкенге дейін әрекет етеді. Біз сондай-ақ банк кассалары мен банкоматтарында қолма-қол ақшаның жеткілікті қорын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу үшін реттеушілермен тығыз байланыс орнаттық", - делінген ресми хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/59/905989_149:0:2878:2047_1920x0_80_0_0_5cdeb1d439c26b5a23602814216d90f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, шектеу
Альфа-банк клиенттері үшін қандай шектеулер енгізілді
Банк жеке және заңды тұлғаларға кредит беруді тоқтатады
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Альфа-банк Қазақстан АҚШ-тың санкциялық тізіміне ілігуіне байланысты мәлімдеме жасады.
"6 сәуірде Альфа-Банк Қазақстан АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілді. Біз Қазақстан Ұлттық банкімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Қазір Альфа-Банктің кейбір сервистерінде уақытша шектеулер бар", - делінген ресми хабарламада.
Уақытша тоқтатылған қызметтер:
- жеке және заңды тұлғалар үшін АҚШ долларымен және еуромен аударым жасау;
- Visa және MasterCard карталарының жұмысы (банктің ішкі желісінде істей береді);
- банк бөлімшесінің кассаларында қолма-қол ақша беру;
- жеке және заңды тұлғаларға кредит беру;
- кредитті картадан картаға өтеу.
- Альфа-Банктен басқа банктердің карталарымен заңды тұлғалар үшін POS-терминалдарда төлемдерді қабылдау;
- заңды тұлға-клиенттер үшін эквайрингте және онлайн-сату төлемдері.
"Карталарды Альфа-Банк банкоматтарында қолдануға болады. Қазір шетелде жүрген клиенттер қолма-қол ақша шеше алады немесе басқа банктің карталарымен төлей алады. Ал кредитті банк бөлімшелерінде, БҚШ карталары, Альфа, Халық Банк төлем терминалдары, QIWI-терминалдар, Касса-24, Қазпошта және Киберплат арқылы өтеуге болады. Кредит шарттары өзгермейді", - дейді банк мамандары.
Мобильді қосымшада ХҚЖ-ға қатысушы банктерге телефон нөмірі бойынша ақшаны теңгемен аударуға және тәулік лимиті шегінде басқа банктерге шот деректемелерін беруге болады.
Бұдан бөлек, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақша алуға және аударуға уақытша лимиттер енгізілді. Олар:
бір клиентке тәулігіне 500 000 теңге (немесе басқа баламалы валютада);
банкоматтардан қолма-қол ақша алудың ең жоғары лимиті – бір клиентке тәулігіне 400 000 теңге;
мобильді қосымшадағы операцияның ең жоғары лимиті – бір клиентке тәулігіне 100 000 теңге.
Банктің қалған сервистері штаттық режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ 2022 жылдың 24 ақпанына дейін ашылған депозиттер теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасына толық көлемде қатыса береді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін салым сомасының 10% төленеді. Банк сыйақысы да есептеледі.
"Бұл шектеулер Қазақстан Ұлттық банкінің Альфа-Банкті қолма-қол ақшамен қолдау жөніндегі мәселені шешкенге дейін әрекет етеді. Біз сондай-ақ банк кассалары мен банкоматтарында қолма-қол ақшаның жеткілікті қорын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу үшін реттеушілермен тығыз байланыс орнаттық", - делінген ресми хабарламада.