Аңдатпа

Қазақстанда 8 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал Калиев "Астана Опера" театры
 Астана Опера театры - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 8-11 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
8 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
11.00 –Орталық коммуникациялар қызметінде "Берекелі бастама – городская инициатива"бағдарламасы туралы дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелге қатысушылар: индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев; Q88 урбанистер қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Әукенов; сәулетші, Envicon-A жобалау институтының директоры, Q88 урбанистер қауымдастығының кеңес мүшесі Роман Шнайдерман; Q88 урбанистер қауымдастығының атқарушы директоры Алина Әбдірахманова; Satbayev University жобалық кеңсесінің менеджері Назерке Мундаханова; Q88 урбанистер қауымдастығы кеңесінің мүшесі Адия Қарсыбек; Q88 урбанистер қауымдастығы кеңесінің мүшесі Ержігіт Балқыбеков. Сондай-ақ Павлодар қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысады. Трансляция сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
11 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
11:00 – "Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" деген тақырыпта онлайн брифинг өтеді. Спикер: Жұманалин Жасұлан Қаратайұлы – Қазақстан ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары. Тақырып бойынша сұрақтар 8 сәуір күні сағат 18.00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштасы немесе WhatsApp -87476758486 арқылы қабылданады.
Жаңалықтар
0