Өңірлер

Жалаңаш жігіт аэродромға жүгіріп шықты: Алматы әуежайы қауіпсіздік шараларын күшейтті

© Photo : РСК АлматыАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын қоршайтын дуалда тікенекті сым пайда болды
АЛМАТЫ, 6 сәуір — Sputnik. Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігі өткен түнде аэродромға жалаңаш ер адамның кіруіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту туралы шешім қабылданғанын растады.
Алматылықтар әлеуметтік желілерде таңертеңнен бастап әуежайдың ұшу-қону жолақтарын қоршап тұрған тосқауылдардың жаңғыртылғанын жариялап жатыр. Жоғарыда тікенді сым пайда болған.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі өткен түнде болған төтенше жағдайдан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін растады.
"Стандартты әлемдік тәжірибеге сәйкес, Алматы халықаралық әуежайының тиісті қызметтері қосымша қауіпсіздік шараларын ұйымдастырды", - деді әуежайдың баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 25 жастағы ер адам түнгі сағат 00:10-ның кезінде Алматы әуежайы терминалының жанындағы тосқауылға барып, толығымен шешінген. Одан кейін қоршаудан асып, ұшу-қону жолағына қарай жүгірген. Сол жерде оны авиациялық қауіпсіздік мамандары ұстап, желілік полиция бөліміне тапсырды.
Оны ұстағанда біртүрлі мінез танытқан. Ал сот медициналық сараптама кезінде жеңіл түрде мас болғаны анықталды.
Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бірдей бабы – 440-бап (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 434-бап (ұсақ бұзақылық) және 564-баптың 4-бөлігі (Әуежай аумағына рұқсатсыз өту) бойынша хаттама рәсімделді. Барлық материал сотқа жіберілді.
Жаңалықтар
0