Қоғам

Тоқаев мамырда Қырғызстанға барады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Екі елдің президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аударып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамырда Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.
Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Жаңалықтар
0