Тараздық полицейлер тонаушыны ізін суытпай ұстады

© Sputnik / Абзал КалиевҰры
Ұры - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Тараздық полицейлер тонаушыны ізін суытпай қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне облыс орталығының тұрғынынан хат келіп түсті.
Әйелдің айтуынша, белгісіз ер адам өз телефонының қуаттағышы таусылып қалғанын айтып, оның кәмелетке толмаған ұлының телефонын жақсы көретін қызына қоңырау шалу желеуімен сұрап алған, осылайша қолына телефонды алған бойда белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Жаңалықтар
0