https://sputnik.kz/20220406/sauir-resey-qyrgyzstan-shekara-24036817.html
11 сәуірден бастап Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарада барлық шектеулер алынады
11 сәуірден бастап Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарада барлық шектеулер алынады
Sputnik Қазақстан
Шетелдіктерге және шетел азаматтарына ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсету талабы сақталады 06.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-06T20:24+0500
2022-04-06T20:24+0500
2022-04-06T20:31+0500
коронавирус
шекара
https://sputnik.kz/img/1013/03/10130366_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_f64d3d65cdb0771405fe221c2049216f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты бірқатар шектеуді алып тастау жөнінде шешім қабылданды.Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, биылғы 11 сәуірден бастап:"Бұл ретте қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және шетел азаматтарына ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе вакциналау паспорттары өзара танылған жағдайда COVID-19-ға қарсы вакциналаудың, ревакциналаудың толық курсынан өткені туралы құжатты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталады", - делінген хабарламада. Вице-премьер өз сөзінде мемлекеттік шекараны ашу мәселесі мемлекет басшысының тұрақты жеке бақылауында екенін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1013/03/10130366_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_6518c592399475ee514250e9c82ac9e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, шекара
11 сәуірден бастап Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарада барлық шектеулер алынады
20:24 06.04.2022 (жаңартылды: 20:31 06.04.2022) Шетелдіктерге және шетел азаматтарына ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсету талабы сақталады
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты бірқатар шектеуді алып тастау жөнінде шешім қабылданды.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, биылғы 11 сәуірден бастап:
Ресей Федерациясымен, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларымен құрлықтағы өткізу пунктерінде Қазақстан азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдіктердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуіне қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ әуе қатынасы арқылы Қазақстан мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге қойылған барлық шектеулер алынып тасталады.
"Бұл ретте қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және шетел азаматтарына ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе вакциналау паспорттары өзара танылған жағдайда COVID-19-ға қарсы вакциналаудың, ревакциналаудың толық курсынан өткені туралы құжатты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталады", - делінген хабарламада.
Вице-премьер өз сөзінде мемлекеттік шекараны ашу мәселесі мемлекет басшысының тұрақты жеке бақылауында екенін айтты.