https://sputnik.kz/20220406/resey-dandi-daqyldardy-zhetkizu-24028753.html
Ресейден дәнді дақылдарды жеткізу мәселесі қалай шешіліп жатыр
Ресейден дәнді дақылдарды жеткізу мәселесі қалай шешіліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Тұқым шаруашылығын қолдауға биыл жергілікті бюджеттерде 11,8 миллиард теңге бөлінді 06.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-06T14:52+0500
2022-04-06T14:52+0500
2022-04-06T14:52+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15181872_0:28:3200:1828_1920x0_80_0_0_69d086c9cbb51235fecd27e942fa3a51.jpg
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Ресейден дәнді дақылдарды жеткізу проблемасы қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Ресейден дәнді дақылдарды жеткізу проблемасы болды. Бұған Ресей тарапының дақылдарды экспорттауға тыйым салуы себеп. Тұқым бойынша сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы ұқсас коды болғандықтан, оларға да тыйым салынған. Бұл тұқымдар бізге сұрыпты жаңарту және сортты ауыстыру үшін қажет екенін ескеріп, мәселе премьер-министрлердің орынбасарлары деңгейінде көтерілді", - деді министр.Министрдің сөзінше, Ресейдің үкіметі тұқымдарды әкетуге тыйым салуды алып тастап, оларды рұқсат беру тәртібіне ауыстыру туралы шешім қабылдады. Рұқсат беру тәртібі әзірленді, құжат енді бекітіледі. Айта кетері, тұқым шаруашылығын қолдауға биыл жергілікті бюджеттерде 11,8 миллиард теңге бөлінді."Облыс әкімдіктерінің дерегі бойынша биыл шамамен 670,2 мың тоннаны енгізу жоспарланған, бұл былтырғыдан 43,7 мың тоннаға артық. Қазір 290 мың тонна тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасалды. Барлық өңірде минералды тыңайтқыштарды жөнелту жүргізіліп жатыр, аграршыларға шамамен 149 мың тонна тыңайтқыш, оның ішінде оңтүстік өңірлерге 51,3 мың тонна тыңайтқыш тиелді", - деді министр.Бұған дейін фермерлер тыңайтқыштардың, оның ішінде отандық тыңайтқыштардың қымбат екені туралы мәселе көтерді. Соған байланысты минералдық тыңайтқыштардың ірі өндірушісі "ҚазАзот" компаниясы өндірілетін аммиак селитрасының құнын тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Қазір шаруалармен жаңа баға бойынша келісімшарттар жасалып жатыр.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15181872_364:0:2837:1855_1920x0_80_0_0_1629d9ac594791b17f1f6b10ec998acd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресейден дәнді дақылдарды жеткізу мәселесі қалай шешіліп жатыр
Тұқым шаруашылығын қолдауға биыл жергілікті бюджеттерде 11,8 миллиард теңге бөлінді
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Ресейден дәнді дақылдарды жеткізу проблемасы қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ресейден дәнді дақылдарды жеткізу проблемасы болды. Бұған Ресей тарапының дақылдарды экспорттауға тыйым салуы себеп. Тұқым бойынша сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы ұқсас коды болғандықтан, оларға да тыйым салынған. Бұл тұқымдар бізге сұрыпты жаңарту және сортты ауыстыру үшін қажет екенін ескеріп, мәселе премьер-министрлердің орынбасарлары деңгейінде көтерілді", - деді министр.
Министрдің сөзінше, Ресейдің үкіметі тұқымдарды әкетуге тыйым салуды алып тастап, оларды рұқсат беру тәртібіне ауыстыру туралы шешім қабылдады. Рұқсат беру тәртібі әзірленді, құжат енді бекітіледі. Айта кетері, тұқым шаруашылығын қолдауға биыл жергілікті бюджеттерде 11,8 миллиард теңге бөлінді.
"Облыс әкімдіктерінің дерегі бойынша биыл шамамен 670,2 мың тоннаны енгізу жоспарланған, бұл былтырғыдан 43,7 мың тоннаға артық. Қазір 290 мың тонна тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасалды. Барлық өңірде минералды тыңайтқыштарды жөнелту жүргізіліп жатыр, аграршыларға шамамен 149 мың тонна тыңайтқыш, оның ішінде оңтүстік өңірлерге 51,3 мың тонна тыңайтқыш тиелді", - деді министр.
Бұған дейін фермерлер тыңайтқыштардың, оның ішінде отандық тыңайтқыштардың қымбат екені туралы мәселе көтерді. Соған байланысты минералдық тыңайтқыштардың ірі өндірушісі "ҚазАзот" компаниясы өндірілетін аммиак селитрасының құнын тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Қазір шаруалармен жаңа баға бойынша келісімшарттар жасалып жатыр.