Қазақстанда Еңбек партиясы құрылуы мүмкін

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиҚұрылысшы
Құрылысшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Болашақ партияның ұраны – әрбір қазақстандықты баспанамен қамтамасыз ету
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстан құрылысшылар одағы "Еңбек" партиясын құруды жоспарлап отыр.
Құрамында 1200 кәсіпорын мен 500-ден астам сала қызметкері бар Құрылысшылар одағы наурыз айының соңында есеп беру конференциясы кезінде Қазақстанда өз партиясын құру туралы бастама көтерген болатын. Бұған қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудегі қордаланған проблемалар, құрылыс және өнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер түрткі болды, деп атап өтті "Қазақстан құрылысшылар одағы" РЗТБ президиумының төрағасы Талғат Ерғалиев.
"Қоғамдық бірлестік ретінде түрлі шешімдерді айтып, ұсыныс жасадық, бірақ олар орындалмады, арада 10-20 жыл өтті, бірақ ештеңе өзгерген жоқ. Сондықтан біздің әріптестеріміз – құрылысшылар, өндіріс мамандары саяси партия құру туралы шешім қабылдады. Өздеріңіз көріп отырсыздар, жыл сайын көптеген шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр, бірақ мұқтаждар саны азаймай отыр. Әр азаматтың жеке жер телімі болуы қажет", - деді Ерғалиев жаңа партия құру бойынша баспасөз конференциясының кулуарында.
Бастамашылар әзірге өтініш бермегенімен, өз партиясының құрылғанын жария етті.
"Бүгінде қаржыландырылмай жатқан қаншама нысан тұр.(...) Біз еңбек адамымыз, жұмыс істегіміз келеді. Біздің міндетіміз – азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету. Жеті жыл бұрын 450 мың адам кезекте тұрды. Қазір 15-17 миллион шаршы метрден тұрғын үй салып жатырмыз, бірақ оның саны азаймай тұр. Тәуелсіздігімізге 30 жыл болды, бірақ 20 жыл бұрынғы мәселелер әлі де шешілмеді. Сондықтан біздің топ бірігіп жатыр", - деп толықтырды президиум басшысы.
Жаңа партия тіркелсе, партия мүшелері оның жемісі көп күттірмейтініне сенімді.
Журналистер Талғат Ерғалиевтен "Еңбек партиясы Қазақстандағы басқа партиялармен бәсекеге түсуге ниетті ме?" деп сұрады.
"Ол партиялар жұмыс істеп, нәтиже бермеді деп ойлаймын. Сол қателіктер мен қорытындыларға сүйене отырып, осының бәріне басқаша қарайтын жаңа адамдарға, партияларға жол беретін кез келді. Бағдарлама бар. Мақсаттардың бірі – әрбір азаматты қамтамасыз ету", - деп мәлімдеді ол.
Жаңалықтар
0