Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан үш курсанттың отбасына баспана беріледі

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Заң бойынша оларға 500 АЕК немесе 1,5 миллион теңге біржолғы ақшалай өтемақы қарастырылған
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған үш курсанттың отбасына баспана бөлу мәселесі 25 сәуірге дейін шешіледі. Бұл туралы премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Шекара академиясының курсанттары мен шекарашылар Алматы қаласы әкімдігі мен басқа да стратегиялық нысандарды қорғауға қатысқанын еске салды.
"Алматыда бес шекарашы көз жұмды, олардың арасында үш курсант бар. Олар Мейірхан Бітім, Әділқан Жайық және Дәулет Жұпарбеков. Мейірхан мен Дәулет небәрі 19 жаста, ал Жайық 22 жаста болды. Президент жарлығымен олар үшінші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды", - деді депутат мәжіліс отырысында.
Айтуынша, марқұмдардың артында ата-анасы, іні-қарындасы қалды. Заң бойынша оларға 500 АЕК немесе 1,5 миллион теңге біржолғы ақшалай өтемақы қарастырылған.
"Өңірлерге сапармен барғанда алматылықтар қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Шекара академиясы курсанттарының отбасына пәтер бөлу туралы мәселе көтерді. Осы мәселе үкіметте талқыланды ма, қандай шешім қабылданды?", - деп сұрады депутат.
Вице-премьер Ералы Тоғжанов қаза тапқандардың отбасын үймен қамту мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Ол қаңтар оқиғасы кезінде 19 құқыққорғаушы, соның ішінде Шекара академиясының үш курсанты қаза тапқанын еске салды.
"Бүгінгі таңда шешім қабылданып қойды. 13 адамның отбасына баспана берілді. Қалған алтауының, соның ішінде курсанттардың мәселесі бойынша мен өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 25 сәуірге дейін шешіледі", - деп сендірді Тоғжанов.
Жаңалықтар
0