https://sputnik.kz/20220406/olx-ke-zharnama-24030291.html
OLX-ке жарнама берген келіншек ақшасынан айырылды
OLX-ке жарнама берген келіншек ақшасынан айырылды
Sputnik Қазақстан
35 жастағы әйел планшет сатқысы келген 06.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-06T15:26+0500
2022-04-06T15:26+0500
2022-04-06T15:26+0500
ақша
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704070_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_1451406e3b5c4a4069f5d446a86e0411.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында OLX сайтына хабарландыру жариялаған келіншек банк картасындағы ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.35 жастағы әйел планшет сатқысы келген. Ол OLX порталына фотосын және бағасын жариялаған. Біршама уақыттан кейін бір кісі хабарласып, тауарды рәсімдеу керек екенін айтты. Қазіргі кезде күдіктіні анықтау және ұстау бойынша шұғыл шаралар басталды. Ал Теміртауда ерлі-зайыптылар дүкен сатушысын алдап кетті. Олар 57 мың теңгеге тауап алып, танымал мобильді қосымшасы арқылы жалған түбіртек көрсете салған. Сатушы ақшасын түспегенін бірден көрмеген. Артынан полицияға арызданды. Шұғыл-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы әйел мен 32 жастағы ер адам ұстады. Екеуі де өз кінәсін мойындады. Жалған түбіртекпен сатып алынған тауар тәркіленді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы бап бойынша 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал адамдар тобымен жасалған алаяқтық үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704070_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_fe21e2c24066846d9378484085c7e11a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақша
OLX-ке жарнама берген келіншек ақшасынан айырылды
35 жастағы әйел планшет сатқысы келген
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында OLX сайтына хабарландыру жариялаған келіншек банк картасындағы ақшасынан айырылды, деп хабарлайды
Polisia.kz сайты.
35 жастағы әйел планшет сатқысы келген. Ол OLX порталына фотосын және бағасын жариялаған. Біршама уақыттан кейін бір кісі хабарласып, тауарды рәсімдеу керек екенін айтты.
"Содан сатушының сеніміне кіріп, WhatsApp мессенджері арқылы сайттың сілтемесін жіберген. Сол жерде тауарды рәсімдеу керек деді. Сатушы әйел сеніп, сайтта жеке мәліметтерін енгізген. Ақырында банк картасындағы барлық ақшасы – 100 мың теңгеден айырылды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде күдіктіні анықтау және ұстау бойынша шұғыл шаралар басталды. Ал Теміртауда ерлі-зайыптылар дүкен сатушысын алдап кетті. Олар 57 мың теңгеге тауап алып, танымал мобильді қосымшасы арқылы жалған түбіртек көрсете салған. Сатушы ақшасын түспегенін бірден көрмеген. Артынан полицияға арызданды.
Шұғыл-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы әйел мен 32 жастағы ер адам ұстады. Екеуі де өз кінәсін мойындады. Жалған түбіртекпен сатып алынған тауар тәркіленді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы бап бойынша 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал адамдар тобымен жасалған алаяқтық үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.