Мемлекеттік дума басшысы Жириновскийдің қайтыс болғанын хабарлады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуВладимир Жириновский
Владимир Жириновский - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. РФ Мемлекеттік дума басшысы Вячеслав Володин ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы хабарлады.
25 наурызда Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы хабар тараған болатын. Сол кезде Мемлекеттік дума басшысы Вячеслав Володин оны жоққа шығарған.
Ресейлік саясаткер Владимир Жириноский ақпан айының басында ауруханаға екіжақты пневмониямен түсті. Дертті коронавирустың омикрон штамы қоздырып жіберген.
Айта кетері, Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Сол жерде Дзержинский атындағы 25 орта мектепті тәмамдаған.
Ал 1964 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне шығыс тілдері институтына түскен. Түрік тілі мен әдебиетін оқыды. Бұдан бөлек, марксизм-ленинизм университетінде халықаралық қатынастар факультетінде білім алды. Әкесі – Вольф Эйдельштейн. Бірақ Владимир университетке түсердің алдында анасының бірінші күйеуінен қалған фамилиясын алды.
1988 жылы саяси мансабын бастады. Сол жылы Демократиялық одақтың съезіне қатысып, сөз сөйледі. Сөйтіп, құрылтайшылардың көзіне түсіп, орталық үйлестіру кеңесінің құрамына сайланды. Бірақ көп ұзамай, партия қатарынан шығып кетті.
1989 жылы Владимир Богачевпен бірге Кеңес одағының либералды-демократиялық партиясын құрды. Ал 1991 жылы РСФСР президенті сайлауында үміткер болды. КСРО-ның ыдырауына қарсы митинг өткізді. Екі жылдан кейін Ресей Федерациясының мемлекеттік думасына депутат болып сайланды.
1996 жылы тағы президенттікке өз кандидатурасын ұсынды. Жалпы, Жириновский алты рет президент сайлауына түсті. Бірақ 10 пайыздан артық дауыс жинамады.
Ресейлік саясаткер Қазақстанға қатысты мәлімдемелері үшін талай рет сынға ұшыраған.
Жаңалықтар
0