Қоғам

Дулат Исабековтің жары өмірден өтті

© Sputnik / Рамиль СитдиковГүл мен майшам
Гүл мен майшам - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Ол кісі ауырып жүрген жоқ еді, бүгін таңертең жүрегі ұстап қалды, деп жазды Қазыбек Иса
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Жазушы, драматург Дулат Исабековтің жарыНұрғайша Жармұқамедова өмірден өтті. Қаралы хабарды мәжіліс депутаты Қазыбек Иса естіртті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабековтің үйіндегі жеңгеміз Нұрғайша Жармұқамедова қайтыс болды деген хабар қабырғамызды қайыстырып кетті. Ол кісі ауырып жүрген жоқ еді, бүгін таңертең жүрегі ұстап қалды дейді ", - деп жеткізді Иса.

Жақында ғана көкемізге сәлем беруге үйге барғанда жарқылдап жүріп қарсы алып, сексенге келсе де сергектігін көрсетіп, келіндерден бетер жүгіріп, дастарханын жайып шығарып салып еді, деп еске алды Қазыбек Иса.
Дулат Исабеков пен Нұрғайша Жармұқамедованың Естияр есімді ұлы, Айман және Шолпан деген егіз қызы бар. Үш баладан немере, шөбере сүйіп отырған Дулат Исабеков қазір 80 жаста.
Дулат Исабеков пен Нұрғайша Жармұқамедова жоғары оқу орнында танысқан, Дулат Исабеков жарынан бір курс жоғары оқыған. Ерлі-зайыпты Алматыда 1966 жылы отбасын құрған.
Дулат Исабековпен сұхбат: Астанадағы трагедия, әдебиет болашағы және екінші әйел алу туралы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2019
"Сатып кеттің": Дулат Исабеков Сейдімбекке жазған хаты мен анасының жұмбақ өлімі жайлы
Жаңалықтар
0