Елорда тынысы

Астаналық жігіт дүкендегі қымбат парфюмді оп-оңай ұрлап кетті – видео

© AP Photo / B.K. BangashӘтір , парфюм
Әтір , парфюм - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда парфюмерлік бутиктен қымбат иіссу ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бутикке екі ер адам кірген. Біреуі әтір таңдап тұрғандай болған. Ал екіншісі әтірді қолына алып, дабыл қағатын құрылғының үстінен өткізіп, шығып кетеді. Полицияға қымбат парфюмінің екі құтысы ұрланғаны туралы арыз түскен.
Жедел іздестіру шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 19 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол сөреде тұрған екі құты парфюмді ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады.

"Жас жігіт ұрланған тауардың біреуін нарық бағасынан әлдеқайда төменге сатып үлгерген, ал екіншісі тәркіленіп, дүкенге қайтарылды", - дейді полицейлер.

Күдікті қылмыстық жауапқа тартылады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Жаңалықтар
0