Автобустың тежегіші істен шыққан: Алматы облысында ірі жол апаты болды
17:14 06.04.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023)
© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Қаза болғандар жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Алматы облысында жоғарғы Қаскелең тас жолында автобус 8 жеңіл көлікпен және трактормен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлімдегендей, "Алматы – Жандосов" автожолында ЛиАЗ автобусының тежегіші істен шыққан. Салдарынан 35 жастағы жүргізуші жолшыбай кетіп бара жатқан тоғыз көлікпен – Toyota Camry, Nissan Patrol, Toyota Gracia, Kia Rio, Subaru Legacy, Toyota Carina, трактор және екі Mercedes-Benz-бен соқтығысты.
"Қаза болғандар жоқ. Автобус салонында отырған бірнеше жолаушы жүргізушімен бірге Қаскелең қаласының ауруханасына медициналық тексеріске жіберілді", - деді полициядағылар.
Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.