Алматы әуежайында "Терминатор" ұсталды – видео

© Photo : РСК АлматыАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Ол қоршаудан секіріп, ұшу-қону жолағына қарай жүгірген
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы әуежайының аумағында тыр жалаңаш жүрген ер адамның видеосы тарады. Қауіпсіздік қызметі тәртіп бұзушыны ұстап, полицейлерге тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы халықаралық әуежайы белгісіз ер адамның ұсталғанын растады.
Полицияның мәліметінше, 25 жастағы ер адам түнгі сағат 00:10-ның кезінде терминалдың жанындағы тосқауылға барып, толығымен шешінген. Одан кейін қоршаудан асып, ұшу-қону жолағына қарай жүгірген. Сол жерде оны авиациялық қауіпсіздік мамандары ұстап, желілік полиция бөліміне тапсырды.
"Оны ұстағанда біртүрлі мінез танытқан. Ал сот медициналық сараптама кезінде жеңіл түрде мас болғаны анықталды ", - дейді тәртіп сақшылары.
Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бірдей бабы – 440-бап (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 434-бап (ұсақ бұзақылық) және 564-баптың 4-бөлігі (Әуежай аумағына рұқсатсыз өту) бойынша хаттама рәсімделді. Барлық материал сотқа жіберілді.
Жаңалықтар
0