Өңірлер

Сауда үйін "миналаған" Өскемен тұрғынына үкім шықты

Өскемен қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Наурыздың соңында жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы қалаларда бірнеше жалған хабарлама түскен
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Өскеменде сот 21 жастағы жігітке үкім шығарды. Ол мас күйінде 102-ге қоңырау шалып, сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын айтқан, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Биыл 2 қаңтарда Үлбі полиция бөлімінің 102 жедел арнасына белгісіз жігіт қоңырау шалып, қаланың сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын хабарлады. Хабар алғаннан кейін дереу оқиға орнына мамандандырылған қызметтер шықты. Тексеру кезінде жалған ақпарат берілгені анықталды", - делінген хабарламада.
Полиция Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша тергеу жүргізді. Биыл 24 наурызда жалған ақпарат берген тұрғынға қатысты үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Биыл үш айдың өзінде полиция басқа арнайы қызметтермен бірлесіп, тексеру барысында осындай төрт қоңырауды тексерді.
Сондықтан полиция департаменті қоғамдық резонансты ескере отырып, мұндай құқықбұзушылықтар үшін Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Оның санкциясында бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Еске сала кетсек, наурыздың соңында жарылғыш құрылғылар туралы бірнеше жалған хабарлама түскен. Мәселен, Нұр-Сұлтанда әуежай, "Хан Шатыр", Mega Silk Way және "Сарыарқа" ірі сауда-ойын-сауық орталықтары, сондай-ақ My car және Lexus автосалондары миналанғаны айтылды.
Қарағандыда ер адам ХҚКО-да жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлады.
Жаңалықтар
0