Қоғам

Қызанақтың нақты бағасы қандай - бақылаушы топ дүкен аралап жүр

© Public DomainПомидор
Помидор - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Осының арқасында алыпсатарларды азайтуға мүмкіндік бар
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Бақылаушылар үш аптаның ішінде біраз дүкенді аралап шықты, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
Мониторинг кезінде үй жанындағы дүкендердің 87 проценті тексерілді. Бұдан бөлек, бақылаушылар республика бойынша 122 көтерме және бөлшек базарлардың бағасын көріп шықты.
"Тек соңғы апта ішінде бөлшек саудада ("үй жанындағы дүкендер") профилактикалық бақылау шеңберінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың үстемесін сақтаумаудың 259 фактісі анықталды. Түсіндіру жұмыстарынан кейін кәсіпкерлер өз бетінше азық-түліктің сауда үстемесін 4-15 процентке дейін төмендетті", - дейді мамандар.
Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ғана емес, басқа өнімдерге де баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларға талдау жасалады.
Ал электрондық шот-фактураларды міндетті түрде пайдалану жобасы аясында өндірушіден сауда сөресіне дейін азық-түлік тауарларына баға белгілеудің жедел мониторингі жүргізіледі.
Осының арқасында алыпсатарларды азайтуға мүмкіндік бар. Уәкілетті органдар бизнестің максималды сауда үстемесін бақылай алады. Әсіресе, маусымаралық кезеңде баға айырмашылығын қадағалап отыру маңызды.
Мысалы, қазіргі кезде қызанақтың бағасы әртүрлі болып тұр. Бұл тауар өндірушілер мен импорттаушылардың сату бағаларының айырмашылығына байланысты.
"Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарындағы қазақстандық диқандар үшін көтерме сауда бағасы килограммына - 600-680 теңгеден 800 теңгеге дейін (сортына қарай). Сауда желілерінде қазақстандық қызанақтың келісі 1000 теңгеден 1200 теңгеге дейін сатылады. Бұл ретте импорттық қызанақтың көтерме бағасы (Өзбекстан) 1400, ал бөлшек сауда желілерінде олардың орташа бағасы 1900 құрайды", - деп атап көрсетті бақылаушылар.
Айта кетері, арнайы мониторингтік топтардың құрамына әкімдіктер, сауда комитеті, мемлекеттік кірістер комитеті, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, қаржы мониторингі агенттігі, қоғамдық бірлестіктер және тағы басқа ұйымдардың өкілдері бар.
Жаңалықтар
0