Қоғам

265 пышақ жарақатын салған: Екібастұзда ер адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты

© Sputnik / Абзал Калиевпышақ
пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Ер адамның кінәсі дәлелдемелермен расталады
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағына сәйкес ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың 7 қарашасында Екібастұз қаласында айыпталушы пәтерде ерекше қатыгездікпен 265 пышақ жарақатын салып, ер адамды өлтірген.
"Прокурор сотталушыны кінәлі деп таныды және 17 жылға бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеуді сұрады. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, соттан оның әрекетін Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне қайта ауыстыруды, яғни ерекше қатыгездік белгісін алып тастауды сұрады. Іс бойынша жәбірленушілер мемлекеттік айыптаушыны толық қолдап, жазаны неғұрлым қатаңдатуды сұрады, сондай-ақ арыз талаптарын толығымен қанағаттандыруды сұрады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл бапқа сәйкес заң бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ер адамның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, өзінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталады.
Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды, қылмыс жасаған адамның қасында кәмелетке толмаған баланың болуын, кінәсін ішінара мойындауын және ауырлататын мән-жайды, алкогольдік масаң күйде болғанын ескере отырып, қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде мерзімін өтеумен 17 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0