Нұр-Сұлтанда лифтіде дәрет сындырған ер адам ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневЛифт кабинасы, архивтегі фото
Лифт кабинасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Оған 15 315 теңге мөлшерiнде айыппұл салу немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамауға алу жазасы кесілуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде лифтіде ер адамның дәрет сындырып тұрған видеосы тарады. Полицейлер тәртіп бұзушыны ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, видео Ұлы Дала даңғылының бойында орналасқан тұрғын үй кешенінің лифтісінде түсірілген. Полицейлер 47 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
"Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша жазаға тартылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетері, бұл бап бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш (15 315 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Қыз бетін жауып отыр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2019
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтанда лифтіде дәрет сындырған әйелдің кім екені белгілі болды
Жаңалықтар
0