https://sputnik.kz/20220405/kim-chen-yn-ontustik-koreya-yadrolyq-qaru-23987277.html
Ким Чен Ынның қарындасы Оңтүстік Кореяға ядролық қарумен сес көрсетті
Ким Чен Ынның қарындасы Оңтүстік Кореяға ядролық қарумен сес көрсетті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қарындасы, Корея Еңбек партиясы орталық комитеті бөлім басшысының орынбасары Ким Ё Чжон... 05.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-05T09:09+0500
2022-04-05T09:09+0500
2022-04-05T09:09+0500
солтүстік корея
https://sputnik.kz/img/20/66/206627_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_96cbd40844b38a7f8a6a19a9d6bb5063.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қарындасы, Корея Еңбек партиясы орталық комитеті бөлім басшысының орынбасары Ким Ё Чжон "егер Оңтүстік Корея әскери қақтығысқа барса, Пхеньян ядролық қаруды қолданады" деп мәлімдеді.Ол сондай-ақ Оңтүстік Корея қорғаныс министрінің КХДР-ға қарсы алдын алатын соққы туралы айтуы "өте үлкен қателік" болғанын атап өтті, деп хабарлады РИА Новости.Бұған дейін Ким Ё Чжон КХДР-ға қарсы алдын алатын соққы жасау мүмкіндігі туралы айтқаны үшін Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Со Укты "қоқыс" деп атап, мұндай сөздердің Сеул үшін қайғылы салдары болатынын ескерткен.Айта кетері, Со Ук 1 сәуір күні Оңтүстік Корея қарулы күштерінде Солтүстік Кореядағы кез келген нысананы дәл және жылдам жоя алатын көптеген зымыран бар деп мәлімдеді.
солтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/20/66/206627_0:0:2375:1781_1920x0_80_0_0_3f9e364bd26272d698ebf6dda1df881b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік корея
Ким Чен Ынның қарындасы Оңтүстік Кореяға ядролық қарумен сес көрсетті
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қарындасы, Корея Еңбек партиясы орталық комитеті бөлім басшысының орынбасары Ким Ё Чжон "егер Оңтүстік Корея әскери қақтығысқа барса, Пхеньян ядролық қаруды қолданады" деп мәлімдеді.
"Егер Оңтүстік Корея әскери қақтығысқа барса, біздің ядролық қарулы күштеріміз өз міндетін орындауға мәжбүр болады", - деді Ким Ё Чжон.
Ол сондай-ақ Оңтүстік Корея қорғаныс министрінің КХДР-ға қарсы алдын алатын соққы туралы айтуы "өте үлкен қателік" болғанын атап өтті, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін Ким Ё Чжон КХДР-ға қарсы алдын алатын соққы жасау мүмкіндігі туралы айтқаны үшін Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Со Укты "қоқыс" деп атап, мұндай сөздердің Сеул үшін қайғылы салдары болатынын ескерткен.
Айта кетері, Со Ук 1 сәуір күні Оңтүстік Корея қарулы күштерінде Солтүстік Кореядағы кез келген нысананы дәл және жылдам жоя алатын көптеген зымыран бар деп мәлімдеді.