Денсаулық

Коронавирустың жаңа толқыны басталуы мүмкін бе – министр жауабы

© AP Photo / Ng Han GuanБетперде таққан бойжеткен
Бетперде таққан бойжеткен - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Қазір Қытайда "омикрон" штамын жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Еуропаның кейбір елдерінде көбеюде, деді Ғиният
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде пандемияның жаңа толқыны басталып-басталмауы әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол Қазақстанда жағдай жақсарғанына қарамастан, әлемде эпидемиологиялық ахуал әлі күнге тұрақсыз екенін атап өтті.
"Қазір Қытайда "омикрон" штамын жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Еуропаның кейбір елдерінде көбеюде. Бірақ, тұтастай алғанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы аптада жалпы көрсеткіш төмендеп келеді. Елде бәрі тыныш, сол себепті біз шектеу шараларын алып тастадық. Бірақ шекарада бақылау әлі бар. Елге кіргендердің бәрін тексереміз. Вакцина мен теріс нәтижелі ПТР-тест міндетті", - деді Ғиният үкімет кулуарында.
Министр қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы ревакцинация жасатуға, сондай-ақ бустерлік доза алуға шақырды.
"Бүгінде ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы пайда болуы мүмкін екенін немесе ол маусымдық вирус сияқты жеңіл формаға ауысатынын болжап отыр", - деді ол.
Ғиният қазір Қазақстанда эпидахуал бойынша оптимистік сценарий орындалып жатқанын атап өтті.
"Вирустың таралуы байқалмайды. Індеттің өршуі әлемдегі жағдайларға байланысты. Сырттан коронавирус штамдары еніп, ауру таралмаса, елде жағдай жақсы болады", - деді министр.
Жаңалықтар
0