Өңірлер

Алматы облысында ауыл тұрғындары құрт аралас су ішіп отыр – видео

© Pixabay / Jack SellaireСу
Су - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
2-3 жыл бойы лас су пайдаланып келе жатқан тұрғындар түрлі ауруға шалдыққанын айтады
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Алматы облысында Қырғауылды ауылында ауыз су мәселесі шешілмей жатыр. Халық құм мен құрт аралас су пайдалануға мәжбүр, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Ауыл тұрғыны Сағи Ғұбайдулла Қырғауылдыға көшіп келгенде "тау етегі, таза ауа" деп қатты қуанған. Бірақ су мәселесіне тап болғанда көңілі су сепкендей басылыпты. Үйіне су тарту үшін алдымен 450 мың теңге төлесе, одан кейін ай сайын текше метріне 350 теңгеден беріп келген. Алайда қыруар ақшаға кіргізген суды ішу былай тұрсын, тіпті жуынуға да жарамайды.

"Литрі 10 теңгелік суды сатып алып келеміз соны жылытып, бала-шағаны жуындырамыз. Басқа амал жоқ. Ішінде бактериялар толып жатыр", - дейді Ғұбайдулла.

2-3 жыл бойы лас су пайдаланып келе жатқан тұрғындар түрлі ауруға шалдыққанын айтады. Су шығарып береміз деп халықтан ақшасын жинап алған жеке кәсіпкер Ержан Темірбаевтың өзі жиынға келген жоқ. Баласын жіберген.
"Ол кісі кішкене ауырыңқырап қалды. Содан кейін келе алмады мен сол кісінің орнына келіп тұрмын. Жерді қазып жатырмыз, брақ су шықпай жатыр. Сондықтан халықты сумен қамтамасыз ете алмай жатырмыз. 2-3 жыл болды", - Тимур Ержанұлы.
Ауыл тұрғыны Көкенай Демесінов кәсіпкерлерге сенбейді.
"Сөздерінің бәрі өтірік. Мысалы, 4 ұңғыма жасады. Біреуінде рұқсат жоқ. Кубына 350 теңге бердік. Сонда бұл масқара ғой. Қазір айтқан сөзін қарамайсыз ба? Бұйыртса дейді. Мына скважинада ешқандай құжат жоқ. Заңсыз бұрғылау жүріп жатыр",- деді Демесінов.
Қазір Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылының 200-ден аса тұрғыны таудан ағып жатқан өзен суын пайдаланып отыр. Бірнеше күндік жауыннан кейін әбден лайланып кеткен. Жиынға Райымбек ауылдық округінің әкімі де келмеген. Бірақ таза судың болатынына сенімді.
"15 шақырым 210-дық труба су құбыры тартылды. Қазіргі таңда бір жарым мың кубтық екі су қойма тазарту жұмыстары жүргізіліп отыр. Келешекте Жаңатұрмыс, Қырғауылды ауылдары сумен қамтамасыз етіледі", - деп атап көрсетті Елжан Төленбаев.
Жаңалықтар
0