Әскери бөлімдер дабылмен көтерілді – қорғаныс министрлігі себебін түсіндірді

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстанда әскери бөлімдер оқу дабылымен көтерілді
Қазақстанда әскери бөлімдер оқу дабылымен көтерілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Полигондарда тактикалық оқу-жаттығулар өтеді. Оған бөлімшелер теміржол көлігімен, әскери техникамен барады
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қазақстанда құрамалар мен әскери бөлімдер оқу дабылымен көтерілді. Әскерлерді тексеру қысқы оқу кезеңі аяқталғанша жүргізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі арттыру жөніндегі міндеттерін іске асыру шеңберінде бұл шара жаңа форматта өтіп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын полигондарға теміржол көлігімен, әскери техникамен жетеді.
Бас штабтың жоспарына сәйкес, полигондарда тактикалық, оның ішінде түнгі жағдайда да оқу-жаттығулар мен атыс өтеді. Бұдан бөлек, бөлімдердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілетіне, әскери қызметшілердің оқытылуына, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуіне баға беріледі.
Қарулы күштердің барлық құрамасы мен бөлімі, сондай-ақ әскери басқару органдары тексеріледі.
Жаңалықтар
0