Өңірлер

Ақтөбеде тасқын судан 30 жылқы құтқарылды

Жазылу
Жылқылар Ілек өзенінің жанында жайылып жүріп, суден өз бетінше шыға алмаған
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысының құтқарушылары жылқыларды құтқару сәтінің видеосын жариялады.
Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінде хабарлағандай, 4 сәуір сағат 16:48-де өзен жанындағы жайылымда жүрген жылқылар судан өз күшімен өте алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.
Жайылымға шұғыл түрде үш құтқарушы мен бір моторлы қайық жөнелтілді. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар Ілек өзенінде жағалаудан 400 метр қашықтықта 30 жылқы суда қалып қойғанын анықтады.
"Апатты құтқару жұмыстарының басында жануарлар құтқарушылардан үркіді. Бірақ құтқарушылар арқан жіптің көмегімен жануарларды қауіпсіз жерге алып шықты. Сабанды тұзақ ретінде қолдану қажеттілігі туындаған жоқ", - деді облыстық ТЖД-да.
Еске салсақ, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ақпараты бойынша, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынына байланысты әлдеқайда күрделі ахуал қалыптасып тұр. Су тасқыны кезеңі басталғалы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының сегіз елді мекенінде 184 тұрғын үй мен 72 саяжайды, сондай-ақ екі әлеуметтік нысанды сел шайып әкетті.
Жаңалықтар
0