https://sputnik.kz/20220405/aqtobe-oblysy-vakhtashylar-23952771.html
Ақтөбе облысында вахташылар жұмыс берушісіне телефон соғып, құтқаруды сұрады
Ақтөбе облысында вахташылар жұмыс берушісіне телефон соғып, құтқаруды сұрады
Sputnik Қазақстан
Вахташылар жұмыс беруші арнайы техникамен келіп құтқарғанға дейін Жем өзенінің ортасында автобустың төбесінде екі сағаттай отырды 05.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-05T07:01+0500
2022-04-05T07:01+0500
2022-04-05T07:05+0500
ақтөбе облысы
өзен
мұз
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23951107_0:28:1201:703_1920x0_80_0_0_cec431557cbc82f5fa23a3e2bab73aea.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. "ҚазМұнайГаз Құбыр Сервис" компаниясының қызметкерлері Атыраудағы вахтадан Жем өзені арқылы үйіне қайтқан, алайда олардың астындағы мұз жарылып кеткен.Олар өзеннің ортасына жеткенде мұз жарылып, көлік тоқтап, автобустар суға тола бастаған. Бұрғылаушылар люк арқылы шатырға шығып, басшылыққа телефон соғып, көмек сұраған, деп жазды "Ақтөбе таймс".Таңертеңгі сағат 8-ден 10-ға дейін 25-ке жуық адам өзеннің ортасында автобустардың төбесінде отырды. Олардың жұмыс берушісі арнайы техникамен келіп, адамдарды судан шығуға көмектесті. Жарқамыс облыс орталығынан 200 шақырым жерде орналасқандықтан оларға төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдік көмек көрсетпеді.Автобустарды судан 10-20 күннен кейін, өзендегі су деңгейі төмендегеннен кейін ғана шығаруға болады.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23951107_25:0:962:703_1920x0_80_0_0_32085d6de14eb9de5b39d566e9ceada7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, өзен, мұз
Ақтөбе облысында вахташылар жұмыс берушісіне телефон соғып, құтқаруды сұрады
07:01 05.04.2022 (жаңартылды: 07:05 05.04.2022) Вахташылар жұмыс беруші арнайы техникамен келіп құтқарғанға дейін Жем өзенінің ортасында автобустың төбесінде екі сағаттай отырды
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. "ҚазМұнайГаз Құбыр Сервис" компаниясының қызметкерлері Атыраудағы вахтадан Жем өзені арқылы үйіне қайтқан, алайда олардың астындағы мұз жарылып кеткен.
"Таңертең бұрғылаушылар екі автобуспен үйіне кетті. Оларға су тасқыны басталғаны туралы ескертілді, бірақ жұмысшылар қыста жүрген жолымен – Жем өзені арқылы өткен", - дейді Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің әкімі Асылхан Жұбаналин.
Олар өзеннің ортасына жеткенде мұз жарылып, көлік тоқтап, автобустар суға тола бастаған. Бұрғылаушылар люк арқылы шатырға шығып, басшылыққа телефон соғып, көмек сұраған, деп жазды "
Ақтөбе таймс".
Таңертеңгі сағат 8-ден 10-ға дейін 25-ке жуық адам өзеннің ортасында автобустардың төбесінде отырды. Олардың жұмыс берушісі арнайы техникамен келіп, адамдарды судан шығуға көмектесті. Жарқамыс облыс орталығынан 200 шақырым жерде орналасқандықтан оларға төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдік көмек көрсетпеді.
Автобустарды судан 10-20 күннен кейін, өзендегі су деңгейі төмендегеннен кейін ғана шығаруға болады.