https://sputnik.kz/20220405/almaty-akimi-qaza-bolgan-dariger-24004327.html
Алматы әкімі қаза болған дәрігердің туыстарына көңіл айтты
Алматы әкімі қаза болған дәрігердің туыстарына көңіл айтты
Sputnik Қазақстан
Юрий Шумков 20 жылдан астам уақыт бойы өмірін медицина саласы мен қоғамға қызмет етуге арнады 05.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-05T16:36+0500
2022-04-05T16:36+0500
2022-04-05T16:36+0500
алматы
әкім
https://sputnik.kz/img/1239/21/12392138_0:0:1008:568_1920x0_80_0_0_e8bd13e677189841640cdd4663cc9cdb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев дәрігер Юрий Шумковтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ол бұл оқиғаны Шумков отбасы үшін де, Қазақстанның бүкіл медицина қоғамдастығы үшін де нағыз қасірет деп атады."Мен атақты гастроэнтеролог Юрий Шумковтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Біз отбасылық дәстүрді жалғастырған және 20 жылдан астам өмірін қоғамға қызмет етуге арнаған, адам өмірін құтқару үшін бар күші мен білімін салған керемет дәрігерден айырылдық", - деп Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Досаевтың сөзін келтірді. Алматылық дәрігердің қазасыАйта кетері, кеше таңертең Алматының Бостандық ауданында белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кетті. Оқ дәрігерді басына тиген. Аталған дерек бойынша қаланың полициясы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("кісі өлтіру") бойынша тергеу басталғанын растады.Sputnik Қазақстан тілшісінің дереккөзі қылмыс орнында не болғанын айтты."Күдікті Шумковтың пациенті екені анықталды. Дәрігер сәтсіз емдегендіктен, пациент оны өлтіруге бел буғанын айтты", - деді ақпарат көзі.Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, қашып кеткен. Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы жедел уәкілдер көлік маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтап, камералар арқылы оның қозғалыс бағытын қадағалады.Полиция жасағы көлікті Шаңырақ шағын ауданында ұстады. Күдікті көлікте болған. Қазір ұсталған адамға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1239/21/12392138_0:0:1008:756_1920x0_80_0_0_94a3e82f2992f57a1bc8543d2ec5f9ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, әкім
Алматы әкімі қаза болған дәрігердің туыстарына көңіл айтты
Юрий Шумков 20 жылдан астам уақыт бойы өмірін медицина саласы мен қоғамға қызмет етуге арнады
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев дәрігер Юрий Шумковтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ол бұл оқиғаны Шумков отбасы үшін де, Қазақстанның бүкіл медицина қоғамдастығы үшін де нағыз қасірет деп атады.
"Мен атақты гастроэнтеролог Юрий Шумковтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Біз отбасылық дәстүрді жалғастырған және 20 жылдан астам өмірін қоғамға қызмет етуге арнаған, адам өмірін құтқару үшін бар күші мен білімін салған керемет дәрігерден айырылдық", - деп Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Досаевтың сөзін келтірді.
Алматылық дәрігердің қазасы
Айта кетері, кеше таңертең Алматының Бостандық ауданында белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кетті. Оқ дәрігерді басына тиген. Аталған дерек бойынша қаланың полициясы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("кісі өлтіру") бойынша тергеу басталғанын растады.
Sputnik Қазақстан тілшісінің дереккөзі қылмыс орнында не болғанын айтты.
"Күдікті Шумковтың пациенті екені анықталды. Дәрігер сәтсіз емдегендіктен, пациент оны өлтіруге бел буғанын айтты", - деді ақпарат көзі.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, қашып кеткен. Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы жедел уәкілдер көлік маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтап, камералар арқылы оның қозғалыс бағытын қадағалады.
Полиция жасағы көлікті Шаңырақ шағын ауданында ұстады. Күдікті көлікте болған. Қазір ұсталған адамға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.