Жапон ғалымы өмірді ұзартатын өнімді атады

© Photo : pixabay / congerdesignСиыр еті
Сиыр еті - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Хидэки Вада 70 жастан асқандар үшін өсімдік диетасы пайдалы деген тұжырымды жоққа шығарды
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Жапон психиатры Хидэки Вада өз кітабында өмірді ұзартатын өнім туралы жазды. Оны жиі жеген адамның ағзасында көңіл-күйді көтеретін серотонин бөлініп, өмірге деген құлшынысы артады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Toyo Keizai басылымына сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, 70 жастан асқан адамдар бұрынғыдай көп қозғалмайды. Себебі көп нәрсеге қызығушылығы төмендейді. Ал мотивация азайса, белсенділіктің қарқыны күн өткен сайын бәсеңдей береді. Соның салдарынан дене мен ми функциясы нашарлайды.
"Дәл осы жаста физикалық белсенділікті сақтаған маңызды. Ал мотивацияны сақтау үшін ет жеу керек. Осы өнім адам ағзасындағы серотониннің бөлінуіне әсер етеді. Оны "бақыт гармоны" деп те атайды. Бір сөзбен айтсақ, еттің құрамында "триптофон" деген амин қышқылы бар. Соның арқасында серотонин бөлінеді. Демек етті неғұрлым көп жесе, "бақыт гармоны" соғұрлым жақсы бөлінеді. Адамның мотивациясы көтеріледі, белсенділігі артады. Өмірі де ұзарады", - дейді дәрігер.
Вада 70 жастан асқандар үшін өсімдік диетасы пайдалы деген тұжырымды да жоққа шығарды. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әрбір бесінші жапондықтың ағзасында ақуыз тапшылығы бар. Ондай заттар етте көп.
Бұдан бөлек, күнделікті рационда ет болмаса, адам ағзасында холестерин деңгейі қатты төмендеп кетеді. Соның салдарынан тестостерон тапшылығы болады. Онсыз жыныстық гормондардың синтезі ғана емес, мотивация да төмендейді. Адамның зейін қою қабілеті нашарлайды. Оған қоса, тестостерон серотонинді миға жеткізу процесіне жауап береді деген болжам бар.
"Егер етті ұнатпасаңыз, я болмаса, денсаулыққа байланысты жей алмасаңыз, онда өзіңізді қинамаңыз. Ал басқа бір себептер болса, оны қоя тұрыңыз, кәрілікті ойлаңыз, денсаулықты ұмытпаңыз ", - деп атап өтті ғалым.
Жаңалықтар
0