https://sputnik.kz/20220404/yuan-dollardy-ygystyra-ala-ma-23994715.html
Юань долларды ығыстыра ала ма?
Юань долларды ығыстыра ала ма?
Sputnik Қазақстан
Ресейден батыс компаниялар кетіп жатыр, ендеше Қытаймен сауда кеңейеді. Бірнеше ресейлік банк клиенттеріне қытай валютасында есепшот ашуды ұсынды. Қытай... 04.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-04T17:29+0500
2022-04-04T17:29+0500
2022-04-05T12:29+0500
доллар
https://sputnik.kz/img/old/842/70/8427081_0:126:3195:1923_1920x0_80_0_0_61a98a94440978ebf59e33adfee365e0.jpg
Ресейден батыс компаниялар кетіп жатыр, ендеше Қытаймен сауда кеңейеді. Бірнеше ресейлік банк клиенттеріне қытай валютасында есепшот ашуды ұсынды. Қытай экономикасы әлемдегі ең қуатты экономиканың бірі екені белгілі. Жаһандық қаржы жүйесінде юань долларға бәсекелес бола ала ма? Осы туралы РИА Новости жазды.2019 жылы Мәскеу мен Бейжің доллармен есеп айырысудан бас тартуды шешті. Бірақ бұл ниет күйінде қалып қойды: Қытай банктері америкалық валютадан бас тартқысы келмеді. Әйтсе де екі елдің электронды төлем жүйелерін тоғыстыру бойынша алғашқы қадамдар жасалды.Қазір Қытайдың сыртқы істер министрлігі Ресеймен саудада рубльге немесе юаньге көшу туралы мәселені қайта көтерді. Әзірше бұл энергия тасымалдаушыларға ғана қатысты. ҚХР дәл осы стратегияны Оңтүстік-Шығыс Азияда және араб елдерімен саудада да ұсынып отыр.Ресей мен Беларусьтің кредит ұйымдары да батыс валюталарынан ауысу жайлы ойланып жатыр. Қытай аумағында операциялар жүргізуге лицензиясы бар жалғыз банк – ВТБ "Альфа-банкпен" бірлесіп, ресейліктерге юаньде есепшот және салым ашуды ұсынды. Наурызда ВТБ-ның қытай валютасымен жасалған мәмілелерінің айналымы 960 миллион рубльге жетіп, ақпандағы мәннен 21 есе өсті.Центробанк соңғы жылдары алтын мен қытай юанының үлесін резервтердің жартысына дейін арттырғанын еске салды. Беларусь валюта-қор биржасы юаньмен операциялар бастағанын хабарлады және алғашқы аукциондар өтті."Қытай юаньді ілгерілету бойынша жоспарымен он жыл бұрын бөліскен. Бұл бағытта бірқатар жетістікке қол жеткізді. Алайда қытай аналитиктерінің пікірінше, батыс санкциялары да, Украинадағы арнайы операцияның басқа салдары да валюта нарығындағы әлемдік тәртіпті өзгертуге алып келмейді. Қытайдағы қаржы құрылымдарының түбегейлі реформасы ғана ренминбидің ("халық ақшасы", Қытай валютасының ресми атауы) ықпалын күшейтеді", - деп жазылған материалда.АҚШ Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл Украинадағы оқиғалар Қытайдың қаржы траекториясын өзгертуі мүмкін деген күдігімен бөлісті. Бұған негіз жоқ емес. Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, әлемдік орталық банктер жалпы сомасы 319 миллиард доллар болатын қаражатты юаньде ұстап тұр. Жаһандық экономика үлесінде бұл көп емес және жалпы резервтің шамамен 2,5%-ін құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, жартысынан көбі долларда, ал еуро үлесі - 19%. Әйтсе де ренминби көлемі бойынша әлемдегі бесінші резервтік валюта.Оның үлесі Халықаралық валюта қорының рұсатын алғаннан кейін, 2016 жылдан бастап күрт ұлғая бастады. Осыған байланысты доллардың резервтік валюта ретінде көлемі азайды да, 2007 жылы ол 70%-ке жуықтады. Жыл басында Bloomberg атап өткендей, юань халықаралық төлемдер нарығында төртінші орынға шықты. 2010 жылы ол 35-орында болған."Қазір ренминбиді әлемнің 75-ке жуық елі резервтік валюта ретінде пайдаланып отыр. Қытай, Австралия, Жапония арасында юань сауда айналымында жүр. Екі елге де Қытаймен мәмілелерді орындау үшін АҚШ доллары қажет емес", - дейді Sigma Global Management инвестициялар жөніндегі директоры Владислав Петленко.Батыс саясаты Ресейді Азия елдерімен саудаға, ең алдымен мұнай және газ саудасын жүргізуге итермелеп отыр. Бұл Қытайға ғана қатысты емес. Мысалы, Үндістан мен Ресей ұлттық валюталармен есеп айырысу механизмін әзірлеуді талқылап жатыр.Қалай болғанда да, қазіргі ахуалды ескеріп, Ресей мен Қытай сауда көлемін арттыруға тырысады. Мәскеудің басқа жолы жоқ: АҚШ пен оның одақтастары ресейлік валюта резервтерінің жартысын бұғаттап тастады, Центробанкпен операциялар жүргізугі тыйым салды және бірнеше негізгі банкті SWIFT жүйесінен ажыратты.Қытай – Ресей валюта резервтерінің ең ірі шетелдік иелерінің бірі. Оның қолында резервтің жалпы санының 13,8%, 630 миллиард долларға тең көлемі тұр. Сонымен қатар, Бейжің Мәскеудің негізгі сауда серіктесі болып табылады. Өткен жылы екі ел арасындағы келісімшарттар көлемі 148 миллиард доллардан асты.Ал Вашингтон Ресейге қарсы санкцияларды сырт айналып өткені үшін Бейжіңді жазалаймын деп сес көрсетіп отыр. Бұл ең алдымен ақпанда реси түрде іске қосылған цифрлық юаньге қатысты болуы мүмкін. Басқа электронды валюта секілді ол да санкция салынған тауарлар тізіміне сәйкестігін тексеретін кейбір банк тексерулерін айналып өтуге мүмкіндік береді.Сарапшылардың пікірінше, юаньнің халықаралық есеп айырысудағы аса танымалды еместігіне Қытай билігінің бағамды реттеуге деген талпынысы себеп. Бірақ ресейліктер үшін юань ең персмпективалы валюта: ҚХР – ресейлік банктерді SWIFT жүйесінен ажыратуға қарсы болған аз елдің бірі. Әйткенмен Қытай экономикасы нашар әртараптандырылған."Юаньнің халықаралық өтімділігі әлі тқмен. Бейжің үшін АҚШ долларымен бағаланған ауқымды тауар экспортының есебінен ұзақ уақыт бойы арзан ұлттық валютаны сақтап тұру тиімді болды. Бұл орайда Қытай Халық банкі юаньді доллар мен басқа да белгілі әлемдік валюталарға тәуелді етуді бәсеңдетуі керек", - деді Владимир Петленко.Әзірше халық нарығында Қытай компаниялары рөлінің артуы ренминби бағамының төмендеуіне алып келеді. Ендеше, ресейліктер үшін юань сатып алу кезінде аздаған шығын қаупі сақталып тұр. Ал Қытай валютасының Ресеймен сыртқы саудасындағы рөліне келсек, бұл Бейжіңнің Батысқа тәуелсіз шешімдер қабылдауға деген ниетіне және әрекетіне байланысты болады, деп қорытты мақала авторы.
https://sputnik.kz/20220405/tenge-dollar-rubl-23995077.html
https://sputnik.kz/20220315/eaeo-qytay-ortaq-valyuta-ministr-tusinikteme-23520447.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/842/70/8427081_232:0:2963:2048_1920x0_80_0_0_69cfb4e2526d2c408a224748e47a6daa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
доллар
Ресейден батыс компаниялар кетіп жатыр, ендеше Қытаймен сауда кеңейеді. Бірнеше ресейлік банк клиенттеріне қытай валютасында есепшот ашуды ұсынды. Қытай экономикасы әлемдегі ең қуатты экономиканың бірі екені белгілі. Жаһандық қаржы жүйесінде юань долларға бәсекелес бола ала ма? Осы туралы
РИА Новости жазды.
2019 жылы Мәскеу мен Бейжің доллармен есеп айырысудан бас тартуды шешті. Бірақ бұл ниет күйінде қалып қойды: Қытай банктері америкалық валютадан бас тартқысы келмеді. Әйтсе де екі елдің электронды төлем жүйелерін тоғыстыру бойынша алғашқы қадамдар жасалды.
Қазір Қытайдың сыртқы істер министрлігі Ресеймен саудада рубльге немесе юаньге көшу туралы мәселені қайта көтерді. Әзірше бұл энергия тасымалдаушыларға ғана қатысты. ҚХР дәл осы стратегияны Оңтүстік-Шығыс Азияда және араб елдерімен саудада да ұсынып отыр.
Ресей мен Беларусьтің кредит ұйымдары да батыс валюталарынан ауысу жайлы ойланып жатыр. Қытай аумағында операциялар жүргізуге лицензиясы бар жалғыз банк – ВТБ "Альфа-банкпен" бірлесіп, ресейліктерге юаньде есепшот және салым ашуды ұсынды. Наурызда ВТБ-ның қытай валютасымен жасалған мәмілелерінің айналымы 960 миллион рубльге жетіп, ақпандағы мәннен 21 есе өсті.
Центробанк соңғы жылдары алтын мен қытай юанының үлесін резервтердің жартысына дейін арттырғанын еске салды. Беларусь валюта-қор биржасы юаньмен операциялар бастағанын хабарлады және алғашқы аукциондар өтті.
"Қытай юаньді ілгерілету бойынша жоспарымен он жыл бұрын бөліскен. Бұл бағытта бірқатар жетістікке қол жеткізді. Алайда қытай аналитиктерінің пікірінше, батыс санкциялары да, Украинадағы арнайы операцияның басқа салдары да валюта нарығындағы әлемдік тәртіпті өзгертуге алып келмейді. Қытайдағы қаржы құрылымдарының түбегейлі реформасы ғана ренминбидің ("халық ақшасы", Қытай валютасының ресми атауы) ықпалын күшейтеді", - деп жазылған материалда.
АҚШ Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл Украинадағы оқиғалар Қытайдың қаржы траекториясын өзгертуі мүмкін деген күдігімен бөлісті. Бұған негіз жоқ емес. Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, әлемдік орталық банктер жалпы сомасы 319 миллиард доллар болатын қаражатты юаньде ұстап тұр. Жаһандық экономика үлесінде бұл көп емес және жалпы резервтің шамамен 2,5%-ін құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, жартысынан көбі долларда, ал еуро үлесі - 19%. Әйтсе де ренминби көлемі бойынша әлемдегі бесінші резервтік валюта.
Оның үлесі Халықаралық валюта қорының рұсатын алғаннан кейін, 2016 жылдан бастап күрт ұлғая бастады. Осыған байланысты доллардың резервтік валюта ретінде көлемі азайды да, 2007 жылы ол 70%-ке жуықтады. Жыл басында Bloomberg атап өткендей, юань халықаралық төлемдер нарығында төртінші орынға шықты. 2010 жылы ол 35-орында болған.
"Қазір ренминбиді әлемнің 75-ке жуық елі резервтік валюта ретінде пайдаланып отыр. Қытай, Австралия, Жапония арасында юань сауда айналымында жүр. Екі елге де Қытаймен мәмілелерді орындау үшін АҚШ доллары қажет емес", - дейді Sigma Global Management инвестициялар жөніндегі директоры Владислав Петленко.
Батыс саясаты Ресейді Азия елдерімен саудаға, ең алдымен мұнай және газ саудасын жүргізуге итермелеп отыр. Бұл Қытайға ғана қатысты емес. Мысалы, Үндістан мен Ресей ұлттық валюталармен есеп айырысу механизмін әзірлеуді талқылап жатыр.
Қалай болғанда да, қазіргі ахуалды ескеріп, Ресей мен Қытай сауда көлемін арттыруға тырысады. Мәскеудің басқа жолы жоқ: АҚШ пен оның одақтастары ресейлік валюта резервтерінің жартысын бұғаттап тастады, Центробанкпен операциялар жүргізугі тыйым салды және бірнеше негізгі банкті SWIFT жүйесінен ажыратты.
Қытай – Ресей валюта резервтерінің ең ірі шетелдік иелерінің бірі. Оның қолында резервтің жалпы санының 13,8%, 630 миллиард долларға тең көлемі тұр. Сонымен қатар, Бейжің Мәскеудің негізгі сауда серіктесі болып табылады. Өткен жылы екі ел арасындағы келісімшарттар көлемі 148 миллиард доллардан асты.
Ал Вашингтон Ресейге қарсы санкцияларды сырт айналып өткені үшін Бейжіңді жазалаймын деп сес көрсетіп отыр. Бұл ең алдымен ақпанда реси түрде іске қосылған цифрлық юаньге қатысты болуы мүмкін. Басқа электронды валюта секілді ол да санкция салынған тауарлар тізіміне сәйкестігін тексеретін кейбір банк тексерулерін айналып өтуге мүмкіндік береді.
Сарапшылардың пікірінше, юаньнің халықаралық есеп айырысудағы аса танымалды еместігіне Қытай билігінің бағамды реттеуге деген талпынысы себеп. Бірақ ресейліктер үшін юань ең персмпективалы валюта: ҚХР – ресейлік банктерді SWIFT жүйесінен ажыратуға қарсы болған аз елдің бірі. Әйткенмен Қытай экономикасы нашар әртараптандырылған.
"Юаньнің халықаралық өтімділігі әлі тқмен. Бейжің үшін АҚШ долларымен бағаланған ауқымды тауар экспортының есебінен ұзақ уақыт бойы арзан ұлттық валютаны сақтап тұру тиімді болды. Бұл орайда Қытай Халық банкі юаньді доллар мен басқа да белгілі әлемдік валюталарға тәуелді етуді бәсеңдетуі керек", - деді Владимир Петленко.
Әзірше халық нарығында Қытай компаниялары рөлінің артуы ренминби бағамының төмендеуіне алып келеді. Ендеше, ресейліктер үшін юань сатып алу кезінде аздаған шығын қаупі сақталып тұр. Ал Қытай валютасының Ресеймен сыртқы саудасындағы рөліне келсек, бұл Бейжіңнің Батысқа тәуелсіз шешімдер қабылдауға деген ниетіне және әрекетіне байланысты болады, деп қорытты мақала авторы.