Тоқаев Сербия президентін жеңісімен құттықтады

© Photo : АқордаМемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичке құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичке құттықтау жеделхатын жолдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Ол Сербия президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін растады
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Сербия Республикасының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – отандастарыңыздың сізге және Сербияның дамуын баянды етуге, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған саралы саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Осы ретте, сіздің басшылығыңызбен еліңіз одан әрі өркендеп, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Қазақстан президенті екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген мазмұнды саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстардың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтті.
Сондай-ақ әлеуеті зор ынтымақтастықты одан әрі өркендету үшін Сербия президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін растады.
Мемлекет басшысы сербиялық әріптесіне сарқылмас күш-қуат, аса жауапты қызметі мен қолға алған тың бастамаларына толағай табыс, ал достас серб халқына мол бақыт, құт-береке тіледі.
Жаңалықтар
0