https://sputnik.kz/20220404/toqaev-erdogan-ukrainada-23952169.html
Тоқаев пен Ердоған Украинадағы жағдайды талқылады
Тоқаев пен Ердоған Украинадағы жағдайды талқылады
Sputnik Қазақстан
Екі ел басшыларының әңгімесі дәстүрлі достық рухында өтті 04.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-04T21:37+0500
2022-04-04T21:37+0500
2022-04-04T21:35+0500
қасым-жомарт тоқаев
режеп тайип ердоған
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1a/15295322_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_dad94da0a72e7ef6384ff604516f6ed5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.Әңгіме басында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 миллиард долларға дейін, содан кейін келешекте 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңызды екенін айтты.Түркия көшбасшысы Қазақстан президентінің мамыр айында Анкараға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына тың серпін береді деп үміттенетінін жеткізді.Сонымен қатар мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де жан-жақты пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерінің тиімділігін жоғары бағалады.Екі ел басшыларының әңгімесі дәстүрлі достық рухында өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1a/15295322_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_1ec566b737d13185607ddc19dd505154.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, режеп тайип ердоған
қасым-жомарт тоқаев, режеп тайип ердоған
Тоқаев пен Ердоған Украинадағы жағдайды талқылады
Екі ел басшыларының әңгімесі дәстүрлі достық рухында өтті
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Әңгіме басында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
"Биыл наурыз айында Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтті. Президенттер сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқынын оң бағалады", - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 миллиард долларға дейін, содан кейін келешекте 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңызды екенін айтты.
Түркия көшбасшысы Қазақстан президентінің мамыр айында Анкараға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына тың серпін береді деп үміттенетінін жеткізді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де жан-жақты пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерінің тиімділігін жоғары бағалады.
Екі ел басшыларының әңгімесі дәстүрлі достық рухында өтті.