Silk Sonic дуэті "Жыл әні" номинациясында Grammy жеңіп алды

© Photo : Pixabay / Rudy and Peter SkitteriansМикрофон, иллюстративті фото
Микрофон, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Әнді орындаушылардың бірі жеңісті осыдан бірнеше күн бұрын қайтыс болған анасына арнады
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Бруно Марс және Андерсон Пактың Silk Sonic дуэті орындайтын Leave The Door Open композициясы "Грэмми" нұсқасы бойынша жыл әні атанды.
Жексенбі күні Лас-Вегаста АҚШ-тың дыбыс жазу академиясының 64-ші жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады РИА Новости.
Андерсон Парк марапатты бірнеше күн бұрын қайтыс болған анасына арнады. "Жыл әні" номинациясына сондай-ақ Эд Ширанның Bad Habits, Брэнди Карлайл мен Алишиа Кистің A Beautiful Noise, Билли Айлиштің Happier Than Ever, Доджа Кэт және SZA рэп-дуэтінің Kiss Me More әндері ұсынылды.
Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын бұл мәртебелі сыйлықты Ақсу қаласының тұрғыны Imanbek (Иманбек Зейкенов) Saint JHN орындайтын Roses композициясының ремиксі үшін алған болатын.
Жаңалықтар
0