https://sputnik.kz/20220404/shygys-qazaqstan-zhuk-poyyzy-relsten-shygyp-ketti-23928239.html
Шығыс Қазақстанда жүк пойызы рельстен шығып кетті: бірнеше вагон өзенге құлаған
Шығыс Қазақстанда жүк пойызы рельстен шығып кетті: бірнеше вагон өзенге құлаған
Sputnik Қазақстан
Жүк пойызының 18 вагоны рельстен шыққан 04.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-04T08:49+0500
2022-04-04T08:49+0500
2022-04-04T11:50+0500
оқиға
жүк пойызы
вагон
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23927832_0:46:330:232_1920x0_80_0_0_1f61bd2c4d91b397414f60d3729a7a23.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында руда тиелген жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.Алдымен әлеуметтік желіде өзен арқылы өтетін көпір маңында аударылған вагондардың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, 10-нан астам вагон аударылған, тағы алтауы Ертіс өзеніне құлаған.Кейінірек ҚТЖ оқиға 3 сәуір сағат 12:04-те Шығыс Қазақстан облысы Өскемен-Күмістау теміржол учаскесінде болғанын нақтылады.Жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кеткен.Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ.Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын анықтау үшін "ҚТЖ" компаниясы басшыларынан комиссия құрылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23927832_21:0:330:232_1920x0_80_0_0_3873c78c5c0d68907adea5177f22923a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк пойызы, вагон
Шығыс Қазақстанда жүк пойызы рельстен шығып кетті: бірнеше вагон өзенге құлаған
08:49 04.04.2022 (жаңартылды: 11:50 04.04.2022) Жүк пойызының 18 вагоны рельстен шыққан
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында руда тиелген жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.
Алдымен әлеуметтік желіде өзен арқылы өтетін көпір маңында аударылған вагондардың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, 10-нан астам вагон аударылған, тағы алтауы Ертіс өзеніне құлаған.
Кейінірек ҚТЖ оқиға 3 сәуір сағат 12:04-те Шығыс Қазақстан облысы Өскемен-Күмістау теміржол учаскесінде болғанын нақтылады.
Жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кеткен.
"Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон Ресейдің меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон "ҚазцинкТемірТранс" ЖШС-не тиесілі", - делінген хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ.
Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын анықтау үшін "ҚТЖ" компаниясы басшыларынан комиссия құрылды.