Қытай армиясы карантинге жабылған Шанхайға медицина мамандарын жөнелтті

© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қытайдың халықтық-азат ету армиясы эпидемияға қарсы күрес жүргізу жұмыстарына көмектесу үшін коронавирустың таралуына байланысты карантинге жабылған Шанхайға екі мыңнан астам медицина маманын жөнелтті, деп хабарлады РИА Новости ҚХР қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"Армия Шанхайдағы эпидемияға қарсы күрес жүргізу жұмыстарына көмектесу үшін екі мыңнан астам медицина қызметкерін жіберді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Шанхайға құрлықтағы әскер, әскери-теңіз күштері, тылды қамтамасыз ету бойынша құрлықтағы әскер, әскери-теңіз күштері, тылды қамтамасыз ету бойынша біріккен күштер бағынысындағы жеті медициналық бөлімшенің мамандары жіберілген. Олар ПТР-тест алу және вирус жұқтырғандарды емдеу шараларына қатысады.
24,9 миллион адам тұратын мегаполис билігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты 28 наурыздан бастап локдаун енгізді.
Билік жоспарына сәйкес, жаппай тестілеудің екі раундын өткізу және аурудың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті локдаун екі кезеңнен тұрады.
Бірінші локдаун Хуанпу өзенінен шығысқа және оңтүстікке қарай жатқан аудандарда жергілікті уақыт бойынша 28 наурызда сағат 05:00-ден бастап 1 сәуірде 055:00-ге дейін күшіне енді. Екінші кезеңі Хуанпу өзенінен батысқа қарай орналасқан аудандарда 1 сәуірдегі сағат 03:00-ден бастап 5 сәуірдегі 03:00-ге дейін жүреді. Осы уақыт ішінде аталған аудандарда толық оқшаулану енгізіледі.
Өткен тәулікте Шанхайда 425 адамнан коронавирус анықталған және тағы 8 581 адамның симтомсыз вирус жұқтырғаны белгілі болған.
Билік мәліметі бойынша дүйсенбіде Шанхайға елдің барлық аумағынан 20 мыңнан астам медицина қызметкері келген және олардың басым бөлігі Шанхаймен іргелес жатқан Чжэцзян және Цзянсу провинцияларынан жөнелтілген.
Жаңалықтар
0