Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялардың былығы ашылды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚайрат Сатыбалдыұлы
Қайрат Сатыбалдыұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Ғ.Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.
"Тергеу Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар – кірме теміржол желілері (соңғы километр) иелерінің ақша жымқырғанын анықтады", - делінген хабарламада.
"Аталған тұлғалар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдегі қала құраушы кәсіпорындарға кіреберіс жолдарға қызмет көрсету тарифін негізсіз жоғарылату арқылы миллиардтаған пайда тапқан, бұл халықтың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері бағасының өсуіне әкелген", - деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Күдіктілердің кінәсін сот анықтайды.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жария етілмейді.
Жаңалықтар
0