https://sputnik.kz/20220404/oral-tuystar-khalyq-otinish-23930407.html
Оралда үш баланың әкесін өлтіріп кетті – туыстары халыққа өтініш жасады
Оралда үш баланың әкесін өлтіріп кетті – туыстары халыққа өтініш жасады
Sputnik Қазақстан
Марқұмның туыстары Бақтиярдың бір емес, кем дегенде үш-төрт адамның қолынан қаза тапқанына сенімді 04.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-04T10:10+0500
2022-04-04T10:10+0500
2022-04-04T10:10+0500
орал
трагедия
https://sputnik.kz/img/1260/21/12602161_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_24ee14486755c28328874014ac694328.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Орал қаласында үш баланың әкесін өлтіріп кетті. Туыстары тергеуге бір адамның алынғанына келіспей, қылмысқа қуә болған адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой Город" порталына сілтеме жасап.Қайғылы оқиға былтыр 11 қыркүйекте болған. Белгісіз біреу полицияға хабарласып, Назарбаев даңғылында төбелес болып жатқаны туралы айтқан. Оқиға орнына барған полицейлер түнгі клубқа жақын жерде ер адамның мәйітін тапты. Ол 29 жастағы Бақтияр Шәріпов болып шықты. Артынан осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.Марқұмның апасы Эльвира Шәріпованың айтуынша, тергеу шаралары алты айға созылып кеткен. Жақын арада қылмыстық іс сотқа жолданады. Бірақ туыстары тергеуге бір адамның алынғанына келіспей отыр. Олар Бақтиярдың бір емес, кем дегенде үш-төрт адамның қолынан қаза тапқанына сенімді.Бақтиярдың артында үш баласы қалды. Үлкені бес жаста, ал кенжесі бір жарым жасқа енді келген.Басында полицейлер Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Бертін келе, оны 99-бапқа (Адам өлтіру) ауыстырды."Қылмыстық істі тергеу шаларалы аяқталды. Жақын арада материалдар сотқа жіберіледі", - дейді полицейлер.Марқұмның туыстары куәгерлерді 8 775 439 43 82; 8 705 591 64 30 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/21/12602161_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_ab59846e2bcb958e974467eaf768be74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, трагедия
Оралда үш баланың әкесін өлтіріп кетті – туыстары халыққа өтініш жасады
Марқұмның туыстары Бақтиярдың бір емес, кем дегенде үш-төрт адамның қолынан қаза тапқанына сенімді
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Орал қаласында үш баланың әкесін өлтіріп кетті. Туыстары тергеуге бір адамның алынғанына келіспей, қылмысқа қуә болған адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Мой Город"
порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға былтыр 11 қыркүйекте болған. Белгісіз біреу полицияға хабарласып, Назарбаев даңғылында төбелес болып жатқаны туралы айтқан. Оқиға орнына барған полицейлер түнгі клубқа жақын жерде ер адамның мәйітін тапты. Ол 29 жастағы Бақтияр Шәріпов болып шықты. Артынан осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.
Марқұмның апасы Эльвира Шәріпованың айтуынша, тергеу шаралары алты айға созылып кеткен. Жақын арада қылмыстық іс сотқа жолданады. Бірақ туыстары тергеуге бір адамның алынғанына келіспей отыр. Олар Бақтиярдың бір емес, кем дегенде үш-төрт адамның қолынан қаза тапқанына сенімді.
"Бұған дейін куәгерлер төбелеске бірнеше адамның қатысқанын айтқан. Сол күні түнгі клубта көп адам болды. Оны бейнебақыбау камеараларының жазбалары да растап отыр. Жастар көп болды. Демек Бақтиярды ұрғанын көрген адам аз емес. Куәгерлерді байланысқа шығып, барлық шындықты айтуды сұраймыз. Біз ініміздің өліміне қатысы бар адамдар жазасын алса екен дейміз", - дейді Эльвира Шәріпова.
Бақтиярдың артында үш баласы қалды. Үлкені бес жаста, ал кенжесі бір жарым жасқа енді келген.
Басында полицейлер Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Бертін келе, оны 99-бапқа (Адам өлтіру) ауыстырды.
"Қылмыстық істі тергеу шаларалы аяқталды. Жақын арада материалдар сотқа жіберіледі", - дейді полицейлер.
Марқұмның туыстары куәгерлерді 8 775 439 43 82; 8 705 591 64 30 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.