Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда халық наразылығынан кейін бірнеше жерде мектеп пен саябақ салынады

© Photo : Официальный сайт акимата столицыЛинейный парк в Нур-Султане
Линейный парк в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Ақбұлақ ықшам ауданындағы "Iconic" тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Елорда әкімдігі бірнеше тұрғын үйдің орнына мектеп пен саябақ салуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осылайша, Ахмет Байтұрсынов көшесі, 7 ("Хайвилл" тұрғын үй кешені) мекенжайындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынады. Бұдан басқа, Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі маңында "Хайвил" тұрғын үйіне қарама-қарсы жерде тағы бір мектеп бой көтереді.
Ақбұлақ ықшам ауданында Қ.Жалайыри көшесінде "Iconic" тұрғын үйінің құрылысы тоқтатылды. Ол жерде абаттандыру жұмыстары жасалып, саябақ ашылады.
Сол сияқты Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылы жанында – 9 емхана мен 77 мектеп-гимназиясы арасындағы учаскеде серуендеуге және демалуға арналған қоғамдық кеңістік салынады.
"Күмісбеков көшесі, 9 мекенжайында 21 қабатты тұрғын үй кешені мен паркингтің орнына қоғамдық кеңістік пен гүлзар ашылады. М.Горький-Косыгин-Челюскинцев-Ишимская көшелерінің аумағында тұрғын үй кешенінің орнына балабақша салынады", - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, бас прокуратура мен Jysan Bank арасында – Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына тағы бір мектеп салынады.
Жаңалықтар
0