https://sputnik.kz/20220404/ministr-su-tasqyny-23949790.html
Министр су тасқынының себебін айтты
Министр су тасқынының себебін айтты
Sputnik Қазақстан
Соңғы аптада елдегі қар жамылғысы 60-тан 40%-ке дейін төмендеді 04.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-04T21:56+0500
2022-04-04T21:56+0500
2022-04-04T21:56+0500
өңірлер
су тасқыны
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/04/02/23909919_0:366:2737:1905_1920x0_80_0_0_ab8d5a5bffb538312aaa868df040bb12.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайылов су тасқыны мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, бүгінгі таңда Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының 8 елді мекенінде 184 тұрғын үй және 72 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды.ТЖМ басшысының айтуынша, Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар жолдың бір учаскесін, облыстық және жергілікті маңызы бар 12 учаскені су басты, жергілікті маңызы бар автожолдардың 15 учаскесін су шайып кетті және Ақтөбе облысындағы бір көпір қирады.Министрдің айтуынша, орын алған жағдайға ауа-райының күрт жылынуы ықпал етті, бұл қардың тез еруіне және егістіктерден еріген қар суларының келуіне себеп болды. Тек соңғы аптада елдегі қар жамылғысы 60-тан 40%-ке дейін төмендеді. "Орын алған жағдайдың негізгі себептері — қардың уақытылы шығарылмауы, су өткізу құрылыстарының, дренаждық немесе арық жүйелерінің жеткіліксіз тазалануы, инертті материалдар қорының дайын болмауы", - деді ол.Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.Әлихан Смайылов су тасқынына тұрақты мониторинг пен бақылау жасап, қалыптасқан жағдайға жедел әрекет етуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/02/23909919_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_badb658716e4935fcb784ad5f5ef2c56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, төтенше жағдай
су тасқыны, төтенше жағдай
Министр су тасқынының себебін айтты
Соңғы аптада елдегі қар жамылғысы 60-тан 40%-ке дейін төмендеді
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайылов су тасқыны мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, бүгінгі таңда Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының 8 елді мекенінде 184 тұрғын үй және 72 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды.
"Төтенше жағдайлар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Қарағанды облыстарындағы 184 үйден, Ақтөбе қаласындағы 17 саяжай үйінен, сондай-ақ 2 әлеуметтік нысаннан су шығарылды", — деп хабарлады Юрий Ильин.
ТЖМ басшысының айтуынша, Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар жолдың бір учаскесін, облыстық және жергілікті маңызы бар 12 учаскені су басты, жергілікті маңызы бар автожолдардың 15 учаскесін су шайып кетті және Ақтөбе облысындағы бір көпір қирады.
Министрдің айтуынша, орын алған жағдайға ауа-райының күрт жылынуы ықпал етті, бұл қардың тез еруіне және егістіктерден еріген қар суларының келуіне себеп болды. Тек соңғы аптада елдегі қар жамылғысы 60-тан 40%-ке дейін төмендеді.
"Орын алған жағдайдың негізгі себептері — қардың уақытылы шығарылмауы, су өткізу құрылыстарының, дренаждық немесе арық жүйелерінің жеткіліксіз тазалануы, инертті материалдар қорының дайын болмауы", - деді ол.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Әлихан Смайылов су тасқынына тұрақты мониторинг пен бақылау жасап, қалыптасқан жағдайға жедел әрекет етуді тапсырды.